Жаңалықтар

COVID-19: АҚШ-та өлім-жітім көрсеткіші бойынша рекорд тіркелді

ашық дереккөзі

COVID-19: АҚШ-та өлім-жітім көрсеткіші бойынша рекорд тіркелді

АҚШ-та коронавирустан көз жұмғандар саны жөнінен антирекорд тіркелді, деп хабарлайды The New York Times.  Басылымның хабарлауынша, АҚШ-та алғаш рет бір күнде үш мыңнан астам өлім тіркелген. 9 желтоқсанда 3011 американдық коронавирустан көз жұмды. Алдыңғы антирекорд өткен аптада 2760 адамның өлімі тіркелген кезде орнатылған еді. Елдегі өлім-жітім бойынша мұндай жоғары көрсеткіштер соңғы рет сәуір айында болған. Бұдан бұрын АҚШ-тың жаңадан сайланған президенті Джо Байден билікке келгеннен кейінгі алғашқы 100 күн жоспарын ұсынған еді. Демократ індеттің таралуына тосқауыл қоюға ниетті. "Жаңа әкімшіліктің алғашқы 100 күнінде біз пандемияны жеңе алмаспыз, бірақ біз трендті өзгертіп, жағдайды жақсартамыз", — деп уәде берді Байден. Пандемия басталғалы АҚШ-та коронавирус жұқтырудың 15,3 миллион дерегі тіркелді. Елде індеттен 288 мыңнан астам адам қайтыс болды.