COVID-19: Бұдан былай дәрігерлер науқас жағдайының ауырлығын көз жасы арқылы анықтайды
COVID-19: Бұдан былай дәрігерлер науқас жағдайының ауырлығын көз жасы арқылы анықтайды
Испан ғалымдары коронавируспен ауыратын науқастардың көз жасының құрамы науқастар жағдайының қаншалықты ауыр екенін көрсете алатынын анықтады. Зерттеу нәтижелері ScienceDirect.com порталында жарияланды.
Мамандар цитокиндердің құрамын (иммундық реакциялар молекулалары) зерттеп, көз жасы мен қан плазмасында қабыну процестерінің бірдей көрсеткіштері көрсетілетінін анықтады.
Ғалымдардың пікірінше, қанның орнына коронавирус жұқтырған адамдардан көздің шырышты қабатынан жағынды алуға болады. Алайда індеттің симптомсыз немесе жеңіл түрімен ауыратын адамдарға диагноз қою үшін көз жасындағы вирустық бөлшектер жеткіліксіз болуы мүмкін.
Қазан федералды университетінің Іргелі медицина және биология институты генетика кафедрасының профессоры Альберт Ризванов "Известияға" берген сұхбатында мұрынның, көздің және ауыздың шырышты қабаттары іс жүзінде инфекцияның қақпасы, патоген бірінші кезекте көбейе бастайтын тін екенін түсіндірді. Сондықтан көз жасы арқылы диагностика жасау әбден мүмкін. Маманның пікірінше, бұл әсіресе балалар мен әлсіз науқастар үшін өзекті болмақ.