Түркия Ресей вакцинасын сатып алудан бас тартты

Түркия Денсаулық сақтау министрі Фахреттин Қожа Ресейдің «Спутник V» вакцинасы зертханалық тәжірибеде тиісті нормаларға сәйкес келмегендіктен лицензия ала алмайтынын мәлімдеді.

«Анкара әзірге коронавирустық инфекцияға қарсы ресейлік вакцинаны сатып алмайды, – деп мәлімдеді Қожа кеше Haber Turk басылымына берген сұхбатында.

Оның айтуынша, препарат зертханалық тәжірибе нормаларына сәйкес келмегендіктен сатып алмау туралы шешім қабылданған.

«GLP (тиісті зертханалық тәжірибе) сәйкестігіне байланысты мәселе туындады. Ресей вакцинасы нормаға сәйкес келмеді.  Осы себепке байланысты Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мен әлем аталған вакцинаны сатып ала алмайды және біздің елімізде де оған лицензия берілмейді. Осы себептен вакцина біздің қызығушылығымызды туғызбайды», – деді Түркия Денсаулық сақтау министрі.

Back to top button