«Отандастар қоры» мен «Ұлттық тестілеу орталығы» маңызды құжатқа қол қойды

Бүгін  «Отандастар қоры» КеАҚ және Қазақстан Білім және ғылым министрлігі «Ұлттық тестілеу орталығы» РМҚК өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

b7e2f398 9500 4689 b0b3 dbb6144e7e28

Іс-шараға «Отандастар қоры» КеАҚ вице-президенті Мағауия Сарбасов, «Ұлттық тестілеу орталығы» РМҚК директоры Дидар Смағұлов, «Отандастар қоры» КеАҚ Жобалар координаторы Дидар Болат, «Отандастар қоры» КеАҚ Білім бағытының маманы Нұрымжан Жұмағазиев қатысты.

Меморандум аясында Қазақстанға келіп білім алғысы келетін қандастарға Ұлттық біріңғай тестілеу бойынша онлайн байқау сынақтарын тегін өткізу, «Отандастар қоры» ұйымдастырып жатқан қазақ тілінің қатысушыларына  қазақ тілін меңгеру деңгейін Қазтест бойынша тестілеуді ұйымдастыру және анықтау жұмыстары жүргізілетін болады.

«Жыл сайынғы қандастарға берілетін білім грантының 4% квотасын игеру үшін әртүрлі шаралар жоспарланып жатыр. Соның бірі – Ұлттық тестілеу орталығының қолдауымен қандастардың байқау сынақтарының деңгейін көтеру мақсатында тегін әрі алдын-ала онлайн тесттер ұйымдастыру. Жақын арада тест өткізудің ережелерін жариялаймыз. Атамекенінде білім алғысы келетін барша қандастарымызды байқау сынақтарына қатысуға шақырамыз», – деді «Отандастар қоры» КеАҚ вице-президенті Мағауия Сарбасов.

қандастар

Жиын барысында екі тарап шетелдегі қандас жастардың Қазақстанда білім алуына қолайлы жағдай жасап, осы бағыттағы іс-шаралар жоспарын талқылады.

Back to top button