Футболшыны шашының түсіне бола ойыннан шығарып жіберді

Футболшыны шашының түсіне бола ойыннан шығарып жіберді

Футболшыны шашының түсіне бола ойыннан шығарып жіберді
ашық дереккөзі
Қытайда футболдан қыздар арасындағы студенттік ойында ойыншы шашының түсіне бола кездесуге қатыстырылмады, деп хабарлайды ВВС агенттігі. Білім департаменті бекіткен ережеге сәйкес, университетте оқитын қыздарға шаш бояуға тыйым салынған. Сол себепті Цзимэй және Фучжоу университеттері командаларының қыз футболшылары өзара өтетін кездесу алдында шаштарын қара түске бояған. Алайда, төрешілер Фучжоу университетінің атынан сынға түсетін футболшы қыздың шашын «жеткілікті деңгейде қара түсті емес» деп, оны ойынға қатыстырмай қойған. Нәтижесінде құрамында алты ойыншымен кездесуге қатыса алмайтын команда дисквалификацияланған. Фуцзянь провинциясы Білім беру департаменті өкілдерінің мәлімдеуінше, спортшыларға шаш бояуға, шаш өсіруге (ер ойыншылар), көзге оғаш көрінетін шаш үлгілері немесе қандай да бір аксесуарлар тағуға тыйым салынады. Әйтпесе, олар дисквалификацияға ұшырайды.