Жаңалықтар

Байбек Жезқазғанда зауыт жұмысшыларымен еңбек құқығын сақтау мәселелерін талқылады

ашық дереккөзі

Байбек Жезқазғанда зауыт жұмысшыларымен еңбек құқығын сақтау мәселелерін талқылады

«Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Қарағанды облысына жұмыс сапары барысында Жезқазған қаласы мен Ұлытау ауданына барды. Жезқазған қаласында Бауыржан Байбек «Kazakhmys Smelting» мыс қорыту зауытының қызметкерлерімен кездесті. Ол мұнда өндірісте еңбек құқығының сақталуы, жаңа жұмыс орындарын ашу, жалпы қаланың дамуы туралы мәселелерді талқылап, ой бөлісті. Бұдан кейін Бауыржан Байбек өңірдің жас белсенділерімен арнайы кездесу өткізді. Оның айтуынша, бұл жастардың көпшілігі «Nur Otan»-ның өңірлік праймеризінде жеңімпаз болып, қалалық мәслихат сайлауына арналған партиялық тізімге енген. Жалпы, Жезқазған бойынша партиялық тізім 60%-ке жаңарса, ондағы жастардың үлес саны 0-ден 23%-ке өсті. Өңірге сапар барысында «Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Ұлытау ауданына да ат басын бұрды. «Елбасы, партия Лидері Н.Ә. Назарбаев ерекше атап көрсеткендей, Ұлытау – қазақ халқының қасиетті өңірі. Сондықтан тарихи мұраны сақтау және еліміздің аумағы жағынан ең ірі ауданын ары қарай дамыту алдағы 5 жылға арналған партиялық міндеттерде көрініс тапқан»,- деді ол. Бауыржан Байбек желідегі жазбасында Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың өңірге жасаған сапарларының бірінде «Ұлытау – халықаралық деңгейдегі этнографиялық туризмнің орталығы болуы тиіс», - деген тапсырмасын тілге тиек етті.