Ойыншылар матч ортасында алаңды тастап кетіп қалды (видео)

Ойыншылар матч ортасында алаңды тастап кетіп қалды (видео)

Ойыншылар матч ортасында алаңды тастап кетіп қалды (видео)
ашық дереккөзі
Чемпиондар лигасы топтық кезеңінің алтыншы туры аясында өткен «Пари Сен-Жермен»  – «Истанбул Башакшехир» ойынында нәсілшілдікке қатысты жанжал шықты. Ойын барысында төртінші төреші Себастьян Колцеску «Истанбул Башакшехир» командасы бас бапкерінің көмекшісі Пьер Вебоға нәсілшілдік сипаттағы пікірлер айтқан. Төрешінің бұл қылығы Вебоға және «Истанбул Башакшехир» шабуылшысы Демба Баға ұнамаған. [video width="1280" height="592" mp4="https://turkystan.kz/uploads/resized-images/2020/12/demba-ba-confronting-the-official-after-he-made-a-racist-comment-to-one-of-the-istanbul-st.mp4"][/video] Кездесудің 14-минутында ойынды тоқтатқан ойыншылар төрешілермен дауласып, нәтижесінде алаңға оралудан бас тартқан. Осылайша, екі команданың арасындағы кездесу бүгін 9 желтоқсанда Нұр-Сұлтан уақытымен 23.55-те қайта өтеді.