Жаңалықтар

Телефонын абайсызда ваннаға түсіріп алған қыз көз жұмды

ашық дереккөзі

Телефонын абайсызда ваннаға түсіріп алған қыз көз жұмды

Ресейдің Архангельск қаласында телефонын ваннаға түсіріп алған 24 жастағы қыз электр тоғы соғып, көз жұмды. Бұл туралы «Комсомольская правда» хабарлады. Үнемі суретке түсіріп жүретін ару телефонынан бір елі ажырамаған көрінеді. Жергілікті салондардың бірінде сатушы-кеңесші болып жұмыс істейтін қыз киім жарнамасын жасап жүріпті. Марқұмның көршісі басылымға оның қайтыс болғанын растады. Оның айтуынша, оқиға қыздың отбасы үшін ауыр соққы болды. "Қыздың анасының жағдайы мүшкіл", - дейді марқұмның туыстары. Ресейдің Архангельск облысы бойынша тергеу комитеті оқиға фактісі бойынша тексеру жүргізіліп жатқанын хабарлады. Әзірге ваннаға телефонның құлауы өлімнің негізгі себебі ретінде қарастырылуда.