Жүргізуші куәлігін ұмытып кетсеңіз, айыппұл төлемейсіз – жаңа заң жобасы
9 желтоқсан, 2020 /
Асыл ТҰМАР
Жүргізуші куәлігін ұмытып кетсеңіз, айыппұл төлемейсіз – жаңа заң жобасы
Парамент Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жол жүрісі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын екінші оқылымда мақұлдады.
Заң жобасында жүргізушілердің Қазақстан Республикасында берілген жүргізуші куәлігі мен көлік құралына тіркеу құжаттарын өзімен бірге алып жүрмегені үшін әкімшілік жауапкершілікті алып тастауды қарастырып отыр. Алайда жүргізушілер өзімен бірге жеке куәлігін алып жүруге міндетті.
Бұл түзетулер шетел жүргізушілері мен шетелдік көлік құралдарына қолданылмайды.