Аралда мұз астынан 4 адамның мәйіті табылды

Аралда мұз астынан 4 адамның мәйіті табылды

Аралда мұз астынан 4 адамның мәйіті табылды
ашық дереккөзі
8 желтоқсанда Арал ауданы Қамыстыбас ауылынан 35 шақырым жердегі Қамбаш көлінде «УАЗ» маркалы автокөлік мұз астына түсіп кетті, – деп хабарлады ҚР ТЖМ баспасөз қызметі. Автокөлік салонында 7 адам болған. Оның 3-еуі көліктен өздері шығып үлгерген. Құтқарушылар суға батып кеткен 1985, 1981, 1994, 1973 жылы туған 4 адамды іздестірді. Бірақ түнгі уақытта іздестіру жұмыстары тоқтатылды. 2020 жылдың 9 желтоқсанында таңертең іздеу жұмыстары жалғастырылды. 7 метр тереңдікте (мұздың қалыңдығы 25 см) УАЗ автокөлігі табылды. Автокөліктің ішінде қайтыс болған адамдардың денелері бар. Сағат 10.05-те құтқарушылар қаза тапқан 4 адамның мәйітін полиция қызметкерлеріне тапсырды. Іздестіру жұмыстарына Қызылорда облысы ТЖ департаментінің, Полиция департаментінің, жергілікті атқарушы органдардың күштері мен құралдары және туыстары (27 адам, 7 бірлік техника) жұмылдырылды.​