Саусағындағы сақинасын шешу үшін құтқарушылар шақырған

Саусағындағы сақинасын шешу үшін құтқарушылар шақырған

Саусағындағы сақинасын шешу үшін құтқарушылар шақырған
ашық дереккөзі
Тараз қаласының тұрғыны саусағынан шықпай қалған сақинаны шешу үшін Төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушыларын шақырған. Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментің «112» қызметіне Тараз қаласы, Қаратау шағын ауданындағы №24 үй тұрғыны – әйел кісінің қолындағы сақинасы шықпай, қолы ісіп кеткендігі жөнінде хабарлама келіп түскен. Оқиға орнына жедел-құтқару жасағының құтқарушылары шығып, арнайы кескіш құралдардың көмегімен әйелдің қолындағы сақинаны алған. Әйел өз кезегінде құтқарушыларға алғыс білдірген. Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушы мамандары арасында мұндай ерекше қоңыраулардың түсіп тұратынын айтады.