Медицина университетінің студенттеріне жатақхана салынып жатыр

Медицина университетінің студенттеріне жатақхана салынып жатыр

Медицина университетінің студенттеріне жатақхана салынып жатыр
ашық дереккөзі
Қарағанды медицина университетінің студенттеріне арналған жатақхана «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» бағдарламасы аясында салынуда. Бүгінгі таңда университетте бес мыңнан астам адам оқиды. Ал жатақханада 2 500 орын бар. Жаңа жатақхана салынатын онда басқа қаладан келіп оқитын 400 студенттің орналасуына мүмкіндік туады. Жаңа жатақхана Ержанов көшесінде орналасады. Жер телімін Қарағанды әкімдігі бөлген. Оны рәсімдеу бойынша процесс аяқталды. Мердігер – «Казстройподряд» ЖШС. Қазіргі уақытта нысанда құрылыс-монтаждау жұмыстары жүріп жатыр. Жатақхана университеттің өз қаражаты есебінен салынуда. Ол 2021 жылдың үшінші тоқсанында есігін айқара ашады.