Мұхтар Ниязов үшінші рет «Алтын домбыраны» иеленді

Мұхтар Ниязов үшінші рет «Алтын домбыраны» иеленді

Мұхтар Ниязов үшінші рет «Алтын домбыраны» иеленді
ашық дереккөзі
Елордада Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастырумен «Абай тағылымы – Тәуелсіздіктің тірегі» атты республикалық ақындар айтысы мәресіне жетті. 3-4 қараша күндері айтыстың іріктеу кезеңіне қатысқан 10 жұптың, яғни 20 ақынның өнерін тамашалап, қазылар алқасының шешіміне сәйкес жартылай финалға 8 ақын (4 жұп) өткен болатын. Айтыстың ақтық мәресіне халықаралық және республикалық айтыстардың жеңімпаздары, «Алтын домбыра» иегерлері Мұхтар Ниязов, Серік Қуанған, Еркебұлан Қайназар, Жансая Мусина, Мейірбек Сұлтанхан, Қазырет Бердіхан, Бекарыс Шойбеков, Айбек Қалиев қатысты. Жыр додасында бас жүлдеге Сыр сүлейі Мұхтар Ниязов ие болды. Осылайша ол үшінші рет «Алтын домбыра» иегері атанып отыр. Одан бөлек I орын Бекарыс Шойбековке бұйырып, ол «Айтыстың ақтаңгері» төсбелгісімен марапатталды. II орын Еркебұлан Қайназаров алса, III орыннан Серік Қуанған көрінді. Әлемде және елімізде орын алған эпидемиологиялық ахуалға орай, республикалық айтыс түсірілімі көрермендерсіз өтті.