Алматы зообағы еліміздегі жалғыз ақ аюды құтқара алмады

Алматы зообағы еліміздегі жалғыз ақ аюды құтқара алмады

Алматы зообағы еліміздегі жалғыз ақ аюды құтқара алмады
ашық дереккөзі
Алматы зообағы 31 жасар ақ аю Алькормен қоштасты. Бұл ақпарат зообақтың Instagram желісіндегі ресми парақшасында жарияланды. «Бүгін қайғылы күн. Алькордың жағдайы қиындап жатқанын хабарлаған болатынбыз. Соңғы 2 айда Ресей, Израиль зообақтарының ветеринар дәрігерлерімен, EAZA мамандарымен бірлесе отырып, Алькорды емдеуге барынша күш салдық. Бірақ кәрілікті емдей алмаймыз. Соңғы уақытта ол жеңсік асынан да бас тарта бастады. Халықаралық зообақтар қауымдастығының мамандарымен кеңесе отырып бүгін осы бір ауыр шешімді қабыладық. Алькорды қиналудан құтқару үшін ветеринарлар эвтаназия жасады. Алькор мәңгілікке жүрегімізде қалады», – делінген жазбада. Ол Алматы зообағына 1990 жылы 1 жасар қонжық кезінде келген және зообақта өмір сүрген жалғыз полярлы аю болатын. Биыл 7 желтоқсанда аю 31 жасқа толды. Мұның алдында зообақ Алькордың ахуалы нашарлауына байланысты вольердің әйнек қабырғасын жапқан болатын. Еске сала кетсек, ақ аю Халықаралық Қызыл кітапқа енген. Қазір әлемде 20 мың ақ аю ғана бар.