Атыраулық зейнеткер лотореядан 109 млн ұтып алды (видео)

Атыраулық зейнеткер лотореядан 109 млн ұтып алды (видео)

Атыраулық зейнеткер лотореядан 109 млн ұтып алды (видео)
ашық дереккөзі
Атыраулық зейнеткер әлі күнге дейін осынша ақшаны ұтқанына сене алмай жүр. Бұл - Қазақстандағы ең ірі ұтыс. Бұрын лоторея бойынша максималды сома бұдан үш есе аз болатын, деп хабарлайды "Астана" телеарнасы. Лотерея осы жылдың 21 қарашасында өткен, онда Атырау қаласынан келген 66 жастағы зейнеткер жеңімпаз атанды. Ер адам 45 жыл бойы лотерея билеттерін сатып алып, ойнап келетінін айтқан. Бірнеше рет шағын ұтыстарға да ие болған екен. Зейнеткер ұтып алған ақшасын 11 немересіне беріп, туыстарына көмектесуге ниетті. Айтпақшы, лотерея жеңімпазы есімінің жасырын болуын қалаған. https://youtu.be/LQ8gpNLT5QU "Мен студент шағымнан бастап лотерея ойнадым. Ақыры, сәттілік серігім болып, ұтысқа ие болдым. Мен бұл ақшамен балаларға көмектесемін, бір бөлігін кейбір қажеттіліктерге жұмсаймын деп шештім. Әрине, қайырымдылықтың орны бөлек. Мен қазірдің өзінде бір қайырымдылық қорымен жұмыс істеймін", — дейді лотерея жеңімпазы. Бұл жеңіс рекорд деп танылды. Бұған дейін Павлодардық жүргізуші 39 млн теңге көлеміндегі максималды джекпотты жұлып алған болатын.