Жаңалықтар

Карантин: жаңа жылдық корпоратив кештерге тыйым салынды

ашық дереккөзі

Карантин: жаңа жылдық корпоратив кештерге тыйым салынды

Алматы облысында 10 желтоқсаннан бастап карантиннің шектеу шаралары жеңілдетіледі. Атап айтқанда демалыс күндері ойын-сауық кешендеріне және кинотеатрларға жұмыс істеуге рұқсат берілмек. Бірақ көрермендер саны 30 пайыздан аспауы және олар арақашық сақтап, маска тағып отыруы керек. Сондай-ақ бұған дейін 30 адам ғана қабылдап келген қоғамдық тамақтану орындарында 50 адамға дейін қызмет көрсетуіне болады. Мешіттер мен шіркеулерде де 50 адамға дейін құлшылық жасауға рұқсат беріліп отыр. Бірақ өңірдің бас санитарлық дәрігері қаулысымен жаңа жылдық ертеңгіліктерді, корпоративтік жиындар өткізуге қатаң тыйым салынды. Сонымен қатар, ашық аспан астындағы мұз айдындары мен сырғанақтардың жұмысына да рұқсат беріледі.