«Jas Otan» жастар қанаты «Жомарт жүрек» сыйлығымен марапатталды

«Jas Otan» жастар қанаты «Жомарт жүрек» сыйлығымен марапатталды

«Jas Otan» жастар қанаты «Жомарт жүрек» сыйлығымен марапатталды
ашық дереккөзі
Бүгін ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың қатысуымен Волонтер жылының жабылу рәсімі өтті. ⠀ «Jas Otan» жастар қанаты «Жомарт жүрек» сыйлығының «ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК ҰЙЫМЫ» номинациясы бойынша марапатталды! ⠀ «Jas Otan» жүріп өткен 20 жыл ішінде талай игі істер мен маңызға ие жобалар атқарды. ⠀ Атап айтсақ, жастарды жұмысқа орналастыру мақсатында «Сәтті қадам» және «Жастар кадрлық резерві» жобалары іске асырылды. «Nurintech» жобасы аясында 3 мың жас ғалымға қолдау көрсетілді, «English for Jastar» жобасы аясында 9 мың ауыл оқушысы ағылшын тіліне тегін оқытылды. Жыл сайын жастарға арналған «Jastar-Otanga!» саяси лагері жүзеге асырылып, 5 жыл ішінде 2 мыңнан астам жастар көшбасшыларды дайындады. Елбасы бастамашы болған «Біз Біргеміз!» 5 мың жасотандық еріктілердің күшімен 320 мың мұқтаж отбасыға азық-түлік себеттері жеткізілді, 100 мың отбасына 5 млн медициналық маска таратылды. ⠀ «Атқарылған жұмыстардың бірден-бір нәтижесі – бүгінгі жетістігіміз. Бұл барша жасотандықтардың ортақ еңбегінің жемісі. Біз мұнымен тоқтап қалмаймыз, одан әрі еліміздің игілігі мен жастардың болашағын нықтауға бірлесе отырып жұмыс жасаймыз», – «Jas Otan» жастар қанатының жетекшісі Елнұр Бейсенбаев.