«Jas Otan» жастар қанаты «Жомарт жүрек» сыйлығымен марапатталды

Бүгін ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың қатысуымен Волонтер жылының жабылу рәсімі өтті.

«Jas Otan» жастар қанаты «Жомарт жүрек» сыйлығының «ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК ҰЙЫМЫ» номинациясы бойынша марапатталды!

«Jas Otan» жүріп өткен 20 жыл ішінде талай игі істер мен маңызға ие жобалар атқарды.

Атап айтсақ, жастарды жұмысқа орналастыру мақсатында «Сәтті қадам» және «Жастар кадрлық резерві» жобалары іске асырылды. «Nurintech» жобасы аясында 3 мың жас ғалымға қолдау көрсетілді, «English for Jastar» жобасы аясында 9 мың ауыл оқушысы ағылшын тіліне тегін оқытылды.

Жыл сайын жастарға арналған «Jastar-Otanga!» саяси лагері жүзеге асырылып, 5 жыл ішінде 2 мыңнан астам жастар көшбасшыларды дайындады.

Елбасы бастамашы болған «Біз Біргеміз!» 5 мың жасотандық еріктілердің күшімен 320 мың мұқтаж отбасыға азық-түлік себеттері жеткізілді, 100 мың отбасына 5 млн медициналық маска таратылды.

«Атқарылған жұмыстардың бірден-бір нәтижесі – бүгінгі жетістігіміз. Бұл барша жасотандықтардың ортақ еңбегінің жемісі. Біз мұнымен тоқтап қалмаймыз, одан әрі еліміздің игілігі мен жастардың болашағын нықтауға бірлесе отырып жұмыс жасаймыз», – «Jas Otan» жастар қанатының жетекшісі Елнұр Бейсенбаев.

Back to top button