Белгілі журналиске көмек қажет

Белгілі журналиске көмек қажет

Белгілі журналиске көмек қажет
ашық дереккөзі
Бағдат Мұқтарұлы – елдің әр қиырын аралап, халықтың әлеуметтік-рухани өмірін саралаған, өз ортасына сыйлы, дарынды журналист, «Арғымақ» атты кітаптың авторы. Денсаулығы нашарлап, дерт жабысқанына үш жыл болыпты, бірақ осыған дейін сыр білдірмеген. Үш жыл бойы Алматыдағы ауруханалар мен емханаларды, дәріханаларды жағалаған. Шекара аттап, шет елде де ем алып көрген. Осы уақытқа дейін мазаласа да, асқынбаған дерт осынау індет өршіп тұрған тұста тұмаудың ауыр түрімен араласып, қос бүйректі қайта ауыртқан. Жазда ауыр жағдайда емханаға түскен. Екі бүйрек өз қызметін дұрыс атқара алмаса, қан бұзылып, барлық зиянды заттар денені жайлайды. Бұл жағдайда аурудан адамды аман алып қалудың жолы – гемодиализ жасау. Қазір екі бүйрегі бірдей жұмыс істемей қалған. Содан бері аптасына үш рет, 4 сағаттан апаратқа жатып, қан тазартып отырады. Енді істен шыққан қос бүйректің орнына бір бүйрек салғызу үшін Белоруссияға баруы керек. Ол үшін отыз миллион (30 000 000 тг) қаржы қажет екен. Кешегі күннің есебі бойынша жиналған қаржы 5 миллион (5 000 000)  теңгеге жуықтапты. Қазір танымал журналистер, өнер адамдары, жалпы қайырымды жандар мүмкіндігінше Бағдатқа көмек қолын созып, демеу болуда. Толық диагнозы: Созылмалы бүйрек ауруы, 5-саты. Созылмалы бүйрек жетіспеушілігі, терминалды сатысы. Гипертониялық нефропатия. Уремия. Реналды анемия. Артериалды гипертензия 3, қауіп тобы 4. Жылқы мінезді азаматтың қайта аяққа тұрып кетуіне тілекші болайық. «Көп түкірсе – көл» деген бар, халық қолдаса, алынбайтын қамал жоқ. Көмек қолын созам дейтін адамдар үшін есепшот: Капбасов Багдат Муктарұлы АО Kaspi Bank CASPKZKA KZ08722C000028675929 Kaspi GOLD: 5169 4971 5975 9327 Иин: 821104350164 8775 599 77 11