COVID-19: еліміздің екі өңірі «қызыл» аймақта тұр
8 желтоқсан, 2020 /
Асыл ТҰМАР
COVID-19: еліміздің екі өңірі «қызыл» аймақта тұр
Еліміздегі өңірлердің 8 желтоқсандағы эпидемиологиялық ахуалын бағалау матрицасына сәйкес, жалпы Қазақстан «жасыл» аймақта тұр.
Десе де, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары – «қызыл» аймақта; Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, ШҚО, Атырау, Қостанай, Ақмола облыстары – «сары» аймақта, қалған өңірлердің бәрі де «жасыл» аймақта тұр.