Арақ түбіне жетті: 32 жастағы оралдық бөтелкелесін пышақтап өлтірді
    
        8 желтоқсан, 2020 /
        Асыл ТҰМАР
    
    
            
    
    
    
                                    Арақ түбіне жетті: 32 жастағы оралдық бөтелкелесін пышақтап өлтірді
                        
                                    Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің мәліметінше, 8 желтоқсан күні сағат 00:30-да Теректі ауданы аумағында кісі өлтіру дерегі ашылды. 
Арақ ішу барысында бір-бірімен сөзге келген 32 жастағы тұрғын асүйде 44 жастағы ер адамның іші, арқасы мен кеуде тұсына пышақ салған. Соның салдарынан ер адам жедел жәрдем келгенге дейін көз жұмды.
Мүрде сот-медициналық сараптамаға жіберілді. Қазіргі кезде күдікті уақытша оқшаулау изоляторына қамалды. ҚР ҚК 99-бабы 1-бөлігіне (кісі өлтіру) сәйкес тергеу амалдары жүргізілуде.