Енесімен жанжалдасқан елордалық қамауға алынды
Енесімен жанжалдасқан елордалық қамауға алынды
Елордалық тұрғын үнемі ішімдік ішіп, отбасылық жанжал шығарып отырған, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан қалалық ПД баспасөз қызметі.
«102» каналына егде жастағы әйелден күйеу баласы отбасылық жанжал шығарып, ер адамның өзі даудың шиеленісуіне итермелейді деген хабарламалар бірнеше рет келіп түсті. Бір жыл ішінде учаскелік полиция инспекторы 41 жастағы төбелескіш азамат бірнеше рет ӘҚБтК-нің 73-бабы бойынша әкімшілік жазаға тартылды. Сонымен қатар, сот ер адамға қатысты тәртібіне үш рет ерекше талап қойды. Алайда, бұл шаралар күйеу бала мен ене арасындағы қайшылықты сөндіре алмады.
Ер адам ішімдік ішуін және егде жастағы әйелмен жанжалдасуын қоймай, оған психологиялық жәбір көрсеткен.
Кезекті жанжалдан кейін учаскелік полиция инспекторы ҚР ӘҚБтК-нің 669-бабы, 2-тармағы бойынша әкімшілік іс қозғады. Мамандандырылған ауданаралық соттың шешімімен ер адам 3 тәулікке қамауға алынды.