Коронавирустан айыққан жастар үшін ең басты қауіп анықталды

Коронавирустан айыққан жастар үшін ең басты қауіп анықталды

Коронавирустан айыққан жастар үшін ең басты қауіп анықталды
ашық дереккөзі
Созылмалы шаршау мен бұлшық ет әлсіздігінен басқа, коронавирустық инфекциядан айыққан жастар үшін басты қауіп – психологиялық проблемалар. Бұл туралы Италияның жалпы тәжірибелік дәрігерлер Федерациясының (Fimmg) Бас хатшысы Сильвестро Скотти айтты, деп хабарлайды РИА Новости Дәрігердің айтуынша, психологиялық түйткілдер вирус өмірдегі денсаулыққа алғашқы ауыр соққы ретінде танылғаннан кейін пайда болады. "Егер қарт адам созылмалы аурулармен өмір сүрсе, жастар кенеттен өзінің әлсіздігін түсінеді. Олар ауруды өмірге қауіп төндіреді деп ойламайды", - деді маман. Сильвестро Скоттидің сөзінше, аурудан айыққаннан кейін әртүрлі синдромдар бұрынғы пациенттердің үштен бір бөлігін мазалайды. Физикалық бұзылулардан басқа, мазасыздық, көңіл-күйдің өзгеруі және ұйқысыздықтан зардап шегуі мүмкін. "Психологиялық әсер індетпен ауыру кезінде байқалады. Инфекция жұқтырған 20-40 жас аралығындағы жастарда эмоционалды әсер пайда болады, дененің әр сигналына сезімталдығы артады", - деді дәрігер.