Үйіңізден табылсын: Дәрігер пандемия кезінде ең қажетті дәрілерді атады

Үйіңізден табылсын: Дәрігер пандемия кезінде ең қажетті дәрілерді атады

Үйіңізден табылсын: Дәрігер пандемия кезінде ең қажетті дәрілерді атады
ашық дереккөзі
Ресей халықтар достығы университетінің (РУДН) жалпы және клиникалық фармакология кафедрасының меңгерушісі, профессор Сергей Зырянов коронавирустық пандемия кезінде қажетті дәрі-дәрмектерді атады, деп хабарлайды "АиФ" Оның айтуынша, ең әуелі, дәрі салатын қорапшаңызда қызуды түсіретін препараттар болуы қажет. "Парацетамолды алған дұрыс. Өйткені ибупрофен covid-19 кезінде өз тиімділігін көрсетпеді. Сондай-ақ, мұрын тамшыларын да алып қойған жөн", - деді дәрігер. Зырянов антибиотиктерді сатып алудың қажеті жоқ екенін айтты. Өйткені оларды қолдану үшін дәрігердің нұсқауы қажет. Сонымен қатар, маман вирусқа қарсы препараттарды өз бетінше қабылдамауға шақырды, өйткені олар "көптеген жағымсыз реакцияларға ие" және оларды дәрігерлердің рұқсатымен ғана қолдану керек. Сондай-ақ, дәрігер D дәруменін шамадан тыс қабылдамауды ескертті. Оның сөзінше, бұл витаминнің артық болуы қан тамырларының зақымдалуына, бүйрек жеткіліксіздігіне және басқа да денсаулыққа әкелуі мүмкін. Еске сала кетейік, бұдан бұрын ұлыбританиялық дәрігер Гита Мейкер-Кларк пандемия кезінде ағзаның қорғаныс қабілетін арттыру үшін қандай тағамдар тұтыну керегін айтқан еді.  Оның сөзінше, иммунитетті көтеру үшін мүмкіндігінше жаңа піскен көкөніс пен жемістерді күнделікті тұтынып, қант жеуді азайту қажет. "Иммундық жүйеге бірнеше дәрумен керек. Атап айтқанда, A, C, D, E, B6 мен B12 және фолат, мырыш, темір, мыс пен селен дәрумендері жеткілікті болуы қажет", – дейді маман.