COVID-19: Батыста алғашқы мемлекет өз тұрғындарын вакцинациялауға кірісті

Ұлыбритания халықты Covid-19-ға қарсы вакцинациялауды Батыс елдерінің арасында бірінші болып бастады.  Бүгін, 8 желтоқсаннан бастап қарттар үйінің пациенттері, медициналық және әлеуметтік қызметкерлер, сондай-ақ 80 жастан асқан қарт адамдарға екпе салына бастайды, деп хабарлайды РИА Новости

2 желтоқсанда Ұлыбритания Pfizer/BioNTech шығарған вакцинаның барлық клиникалық сынақтарын аяқтағаннан кейін жаппай қолдануға сертификатталған алғашқы ел болды. Тағы екі вакцина — американдық Moderna және британдық AstraZenecа да жуырда жаппай қолданысқа енуі мүмкін.

Ұлыбританияда егде жастағы адамдар, дәрігерлер және пациенттерге күтім жасайтын әлеуметтік қызметкерлер вакцинаны бірінші болып алатын қауіп тобына жатқызылды. Вакцинация ерікті және тегін болады, мемлекетте заңды түрде тұратын және резидент мәртебесіне ие барлық адамдар екпе салдыра алады.

Back to top button