Футболдан әлем чемпионаты: Қазақстанның қарсыластары анықталды

Футболдан 2022 жылғы әлем чемпионаты Еуропадағы іріктеу кезеңінің жеребесі Швейцарияның Цюрих қаласында тартылды.

Қазақстан D тобына түсті. Қарсыластары – Франция, Украина, Финляндия және Босния және Герцоговина құрамалары, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Өзге топтар төмендегідей бөлінді.

A тобы: Португалия, Сербия, Ирландия, Люксембург, Әзербайжан;

B тобы: Испания, Швеция, Греция, Грузия, Косово;

C тобы: Италия, Швейцария, Солтүстік Ирландия, Болгария, Литва;

E тобы: Бельгия, Уэльс, Чехия, Беларусь, Эстония;

F тобы: Дания, Австрия, Шотландия, Израиль, Фарер аралдары, Молдова;

G тобы: Нидерланды, Түркия, Норвегия, Черногория, Латвия, Гибралтар;

H тобы: Хорватия, Словакия, Ресей, Словения, Кипр, Мальта;

I тобы: Англия, Польша, Венгрия, Албания, Андорра, Сан-Марино;

J тобы: Германия, Румыния, Исландия, Солтүстік Македония, Армения, Лихтенштейн.

Айта кетейік, жеребе нәтижесінде еуропалық құрамалар он топқа бөлінді. 2021 жылғы Ұлттар лигасының финалдық сатысында бақ сынаған құрамалар ойын көрсететін топтарда бес, қалғанында алты құрамадан бақ сынайды. Он жеңімпаз әлем чемпионатына финалдық кезеңіне тікелей жолдама алса, екінші орын алғандар және Ұлттар лигасында үздік шыққан екі құрама плей-офф сатысында ойнайды. Плей-офф сатысында үш топтан жеңімпаз болғаны дүбірлі додаға жолдама алады.

Еуропа құрлығындағы іріктеу кезеңі 2021жылдың наурызы мен 2022 жылдың наурызы аралығында болады. Жарыстың финалдық сатысы 2022 жылдың 21 қарашасы мен 18 желтоқсан аралығында өткізіледі.

Әлем чемпионаты іріктеу кезеңі Оңтүстік Америка, Африка, Азия құрлықтарында өтіп жатыр. Алдағы жылы ол Солтүстік Америка құрлығында басталады.

 

Back to top button