«Әкемнен қорқамын»: 13 жасар қызын зорлаған әкеге қатысты тергеу жүргізілуде

«Әкемнен қорқамын»: 13 жасар қызын зорлаған әкеге қатысты тергеу жүргізілуде

«Әкемнен қорқамын»: 13 жасар қызын зорлаған әкеге қатысты тергеу жүргізілуде
ашық дереккөзі
Оралда 13 жасар қызды зорлау дерегі бойынша тергеу жүргізілуде. «Не молчи» қоғамдық қорының Facebook-тегі парақшасында мәлім етілгеніндей «қызды зорлады» деген күдікке өгей әкесі ілініп отыр. Орал тұрғыны әйелі мен балаларын ұрып-соққан. Өгей қызын 1,5 жыл бұрын азғындыққа итермелеп, зорлаған. Тағы бір күні қатты соққыдан әйелі есінен айырылып қалған. Оны өлді деп ойлаған қызы өгей әкесінен қорқатынын айтып, бәрін жайып салған. БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиғаны растап, қазіргі таңда ҚР ҚК 120-бабы 4-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын жеткізді.