ҰҚК Алматыда ірі қару-жарақ арсеналы тәркіленгенін мәлімдеді

Операция кезінде 254 тіркелмеген атыс қаруы, 38 жарақат салатын қару, сондай-ақ 4600 түрлі оқ-дәрі тәркіленді. Комитеттің баспасөз қызметі таратқан мәліметке сәйкес, бірлескен операцияға әкімшілік полиция мен қалалық ішкі істер органдары қатысты. Құқық қорғаушылар  «Күзет «МКК» АҚ қоймасында сақталған ірі қару-жарақ арсеналын тәркіледі. Бұл туралы Sputnik Қазақстан хабарлады.

«Жедел іздестіру шаралары барысында «Күзет «МКК» АҚ қоймаларында ірі қару-жарақ арсеналы заңсыз сақталғаны туралы мәлімет түскен. Оған қоса, азаматтық және қызметтік қару айналымын бақылау саласындағы заңнама талаптары бұзылған», – дейді құқық қорғаушылар.

Атап айтқанда, ғимараттың периметрі қоршалмаған, қаруды сақтауға арналған үй-жайлар мақсатты пайдалануға арналмаған, күзетті тек екі қызметкер қамтамасыз еткен.

«Арсеналдың дұрыс сақталмауы туралы ақпараттың террористік, экстремистік ұйымдардың қолына түскен жағдайда қауіп-қатердің алдын алу шаралары қабылданды», – делінген ресми хабарламада.

Бірлескен операция кезінде 254 тіркелмеген атыс қаруы мен 38 жарақат салатын қару, сондай-ақ 4600 түрлі оқ-дәрі тәркіленді. Бұл жағдай қылмыстық кодекстің 287-бабы 3-бөлігі бойынша (қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау) тіркелді. Тергеу-жедел іс-шаралары жалғасуда.

Бұл бап бойынша кінәлі деп танылғандарға 5 АЕК көлеміндегі айыппұл салынуы мүмкін. Бес жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе осы мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы да қарастырылған.

Фото: ult.kz порталынан алынды.

Back to top button