Назар аударыңыз: Қазгидромет еліміздің 7 өңірінде ескерту жариялады

Назар аударыңыз: Қазгидромет еліміздің 7 өңірінде ескерту жариялады

Назар аударыңыз: Қазгидромет еліміздің 7 өңірінде ескерту жариялады
ашық дереккөзі
Қазгидромет ауа райының бұзылуына байланысты еліміздің бірқатар өңірінде ескерту жариялады. 27 желтоқсанда Қарағанды облысының кей жерінде тұман түседі. Шығыс Қазақстанның Өскемен, Риддер қалаларында, Жаңа Бұқтырма кентінде 8 желтоқсан сағат 21.00 дейін екінші дәрежелі қолайсыз метеорологиялық жағдай сақталады. 28 желтоқсанда Ақмола облысында кей жерде тұман түседі, аймақта және Көкшетау қаласында жаяу бұрқасын соғады. Оңтүстік-батыстан және батыстан жел соғады, кей жерде желдің күші 15-20 м/с жетеді. Нұр-Сұлтан қаласында түнде және таңертең тұман түседі. 28 желтоқсан түнде Маңғыстау облысының солтүстігінде 22°С дейін қатты аяз сақталады. 28 желтоқсанда Түркістан облысының кей жерінде және Түркістан қаласында тұман түседі. Шымкент қаласында да 8-9 желтоқсанда кей уақытта тұман болады. 28 желтоқсанда Солтүстік Қазақстан облысының кей жерінде тұман түседі, Петропавл қаласында боран соғады. Батыстан және солтүстік-батыстан соққан желдің қарқыны 15-20 м/с.