«Сергек» камералары қалтаны қағып жатыр: 10 айда 4,5 млрд теңге өндірген

«Сергек» камералары қалтаны қағып жатыр: 10 айда 4,5 млрд теңге өндірген

«Сергек» камералары қалтаны қағып жатыр: 10 айда 4,5 млрд теңге өндірген
ашық дереккөзі
Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев «Сергек» камералары он айдың ішінде 4,5 млрд теңгенің заңбұзушылығын тіркегенін айтты.  Қала басшысының айтуынша, Алматыда жыл басынан бері 404 «Сергек» аппараттық-бағдарламалық кешені іске қосылды, оның 21-і Алматыға кіріп-шығатын жолдарға орнатылған. «Сергек» камералары 10 айдың ішінде 650 мыңнан астам жол ережесін бұзу фактісін тіркеді. 4,5 млрд теңгеге айыппұл салынды оның 2,6 млрд немесе 57,7% өндірілді. Сондай-ақ, модульдік полиция пунктілерін орнату жобасы өзін ақтады. Бұған дәлел — пунктілер орналасқан аудандардағы қылмыс деңгейінің төмендеуі. Сонымен қатар, бұл туралы жергілікті тұрғындар да айтып жүр», – дейді Бақытжан Сағынтаев. Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге күнделікті 2 мыңнан астам полиция қызметкері мен ҚР ІІМ Ұлттық гвардиясының әскери қызметкерлері жұмылдырылады. Олар 550 бағыт бойынша жұмыс істейді, оның ішінде 300 көлік және 250 жаяу бағыт бар.