Әлемде тағы бір белгісіз ауру тарап жатыр: қайтыс болған адам тіркелді

Әлемде тағы бір белгісіз ауру тарап жатыр: қайтыс болған адам тіркелді

Әлемде тағы бір белгісіз ауру тарап жатыр: қайтыс болған адам тіркелді
ашық дереккөзі
Үндістанның Элуру қаласында үш жүзге жуық адам белгісіз ауру жұқтырды, – деп жазды tengrinews.kz. The Hans India басылымының жазуынша, Андхра-Прадеш штатының Элуру қаласындағы науқастардың жүрегі айнып, кейбірі тіпті есін жоғалтқан.
Мемлекеттік аурухананың медицина мамандары науқастардың басым бөлігі, әсіресе балалар жүрегі айнығанын айтқан, кейбірінің сіңірі тартылып қалған.
Үндістан билігі белгісіз аурудың себебін анықтауға күш салып жатыр. Айта кетейік, осы белгісіз дерт салдарынан 140 науқас ауруханаға жатқызылған. Ал жұқтырғандар саны  – 300 адам. Бір науқастың қайтыс болғаны айтылады.
Штаттың денсаулық сақтау министрі Кришна Сринивас қан сынамаларынан вирус инфекциясы анықталмағанын айтты.