«Дәрігер болғаныма өкінемін»: сәби өліміне кінәланған бас дәрігердің жанайқайы (видео)

«Дәрігер болғаныма өкінемін»: сәби өліміне кінәланған бас дәрігердің жанайқайы (видео)

«Дәрігер болғаныма өкінемін»: сәби өліміне кінәланған бас дәрігердің жанайқайы (видео)
ашық дереккөзі
Атырау облыстық перинаталдық орталығында орын алған сәби өліміне қатысты сотталушылар мен олардың адвокаттары екіжақты пікірсайыс кезінде сөз сөйледі, – деп хабарлады Ақ Жайық Бұрынғы бас дәрігер Қуаныш Нысанбаев өзіне таңылған айыптаулардың бір де бір пунктін өткізбей, ұзақ сөйледі, тіпті көзіне жас алды.

«Неліктен бұл мамандықты таңдадым? Себебі, әкем дәрігер. Интеллигент отбасында өмірге келдім, әке жолын қудым. Ал акушер-гинеколог болуыма Санкт-Петербургте медицина бөлімінде оқып жүргенімде операция жасатуға келген Қазақстан азаматшасы себеп болды. Сол кезде хирург операция жасауыма бұйрық беріп, маған: «Сендер, ****, өз адамдарыңа операция жасай алмайсыңдар» деді. Сол сөздерді естіп, қатты қынжылып, білім алып, өз елімде сондай операция жасауға уәде бердім. Құдайға шүкір, акушер-гинекологияда жасалатын әрбір операция туралы білемін. Гиппократ антын бұзған емеспін, ал бізге осындай ауыр айыптау беріп отыр. Мен дәрігер болғаныма және көптеген әйел адамға, сәбиге көмектескеніме, оларды күн-түн демей құтқарғаныма өкініп отырмын», – дейді Нысанбаев.

 width=
Оның айтуынша, айыптаудың бір де бір пункті бойынша дәлел жеткілікті болмаған.

«Мемлекеттік айыптау мен БАҚ-та «Мен құжатта қателік жібермеу үшін баланы тоңазытқыш камерасында қалдырып кетуді айтқаным» жазылған. Шын мәнінде, сол күні достарыммен саунада болды және жанымда болған адамға суға қатысты нәрсе айтқанмын. Әңгіме кезінде біз Тұрымбетованың баласы туралы сөйлескенімізді айтады, ал сіздер сол туралы әңгімелекенімізді дәлелдеңіздер. Филологиялық сараптама бойынша, ол кезде ешқандай бұйрық туралы әңгіме болмағаны дәлелденді», – дейді дәрігер.

Сөз соңында айыпталушы істі Бас прокуратура қайта қарастырып, соттан әділ шешім шығаруды сұрады.

«Елбасы, Қ.Тоқаев, бас прокуратурадан процессуалдық прокурор бір де бір рет менен жауап алмағанын және маған 20 жыл сұрайтынын алдын ала білгенін ескеруін сұраймын. Әлі күнге дейін айыптау актін оқып, не үшін кінәлі екенімді түсіебеймін. Жәмилә да, Асқар да, мен де оны істеген жоқпыз. Мен Президентке, халыққа ешқандай заң бұзбағанымды, адал жұмыс істегенімді және мүмкіндік берсе әлі де істейтінімді айтқым келеді», – деді Нысанбаев.

Еске салайық, қайғылы оқиға 2019 жылдың 29 қыркүйегінде болды. Сол күні Атыраудың перинаталдық орталығында дүниеге келген сәби өмір белгілерін көрсетпегендіктен оны өлі туған ретінде жазып жіберген. Бірақ сәбиді тоңазытқыш камерасына апарған кезде оның аяқтары қозғалған. Тергеу болжамы бойынша, дәрігерлер құжатта қателік жібермеу үшін баланы тоңазытқыш камерасында қалдырып кеткен.