"ТұрғынүйҚұрылысБанкі": Елорда тұрғындары қаржы пирамидасының шырмауына түсті

"ТұрғынүйҚұрылысБанкі": Елорда тұрғындары қаржы пирамидасының шырмауына түсті

"ТұрғынүйҚұрылысБанкі": Елорда тұрғындары қаржы пирамидасының шырмауына түсті
ашық дереккөзі
Нұр-сұлтан қаласының полициясына өздерін қаржы пирамидасының құрбаны болдық деп санайтын елорда тұрғындарынан өтініш түсті, деп хабарлайды ТДК-42 телеарнасы. Зардап шеккендер түсіндіргендей, Otbasy men jastardy qoldau qory атты корпоративтік қор клиенттерге қарыз берген, бірақ шарт бойынша өз міндеттемелерін орындамаған. Қор өздерінің жұмысын әлеуметтік бағдарлама деп таныстырған. Несие беру кезінде клиенттің несие тарихы, оның жасы және зейнетақы аударымдары маңызды емес деп көрсетілген. Компания өз қызметін Қазақстанның барлық өңірлерінде ұсынған. Зардап шеккендердің айтуынша, полиция қандай да бір себептермен оларды құрықтауға белсенді емес болып отыр. Адамдар қорға миллиондаған қаражат салған. 600-ден астам адам жалпы алғанда миллиард теңге құйыпты.