Ақтауда танымал рэпердің концертін ұйымдастырған түнгі клуб иесі жазаланды

Ақтауда танымал рэпердің концертін ұйымдастырған түнгі клуб иесі жазаланды

Ақтауда танымал рэпердің концертін ұйымдастырған түнгі клуб иесі жазаланды
ашық дереккөзі
Ақтауда рэп орындаушысының концертін тамашалауға келген 70-тен астам адам түнгі клубтың алдына жиналған. Келушілерді полиция қызметкерлері байқап, мониторинг топ өкілдерін шақырған. Мониторинг топ концертті тоқтатып, іс-шараны ұйымдастырушыларға әкімшілік кодекстің 425-бабы бойынша айыппұл салынды. Маңғыстау облысының Полиция департменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, V $ X V PRiNCE (Асха Принц) лақап атымен танымал рэп орындаушының концерті өтпек болған. «5 желтоқсан күні сағат 21:40-та 7 және 9 шағын аудандарда патрульдеу кезінде учаскелік инспекторлар: полиция майоры Д.Яцко мен полиция капитаны Р. Алиев «Н2О«клубына кіре берісте 70-тен астам адамның жиналғанын байқайды. Полицейлер келушілермен сөйлесіп, «Н2О» клубында концерт өтіп жатқанын анықтаған. Мобильді мониторингтік топ шақырылды, (әкімдік, сэс, әкімдіктің баспасөз қызметі) концерт тоқтатылды. Концерттің ұйымдастырушысына ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы бойынша материал жиналды», - деп хабарлады Маңғыстау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі. Әкімшілік кодекстің 425-бабын бұзғаны үшін жеке тұлғаларға - 30 АЕК мөлшерінде, лауазымды тұлғаларға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - 230 АЕК мөлшерінде, орта кәсіпкерлік субъектілеріне-310 АЕК мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне-1600 АЕК мөлшерінде айыппұл салу түріндегі әкімшілік жаза қарастырылған.