Жаңалықтар

Үндістанды жұмбақ дерт жайлады: Бір күнде 300 адам аурухаға түсті

ашық дереккөзі

Үндістанды жұмбақ дерт жайлады: Бір күнде 300 адам аурухаға түсті

Соңғы тәулікте Үндістанның Андхра-Прадеше штатындағы Элуру қаласында 300 адамдәрігерлер анықтай алмаған белгісіз дертпен ауруханаға түсті.  Бұл туралы жергілікті The Indian Express басылымы хабарлады. Науқастар медициналық мекемеге сенбінің кешінен бастап түсе бастаған. Олардың арасында балалар да бар. Науқастарда жүрек айнудан бастап есінен тануға дейін түрлі симптомдар байқалады.  Дәрігерлер олардың ешбірінен коронавирус анықталмағанын алға тартып отыр. «Ауырған адамдар, әсіресе балалар, көзінің күйдіріп бара жатқанын айтқаннан кейін кенеттен құса бастады. Кейбірі есінен танып, ұстамалар басталды», - дейді аурухана өкілі. Штат билігі судың немесе ауаның ластануы «жұмбақ дерттің» себебі болуы мүмкін екенін жоққа шығарып отыр. Өйткені адамдар ауырған аудандарға арнайы мамандар барып, су үлгілерін тексерген. Су құрамынан ешбір залалды заттар анықталмапты. The Times of India басылымының дерегінше, бұл аурудан бір адам көз жұмған. Елдегі оппозиция өкілдері оқиғаға зерттеу жүргізуді талап етіп отыр. Олардың пікірінше, жұмбақ ауруға инфекция себеп болуы мүмкін.