Ресейдегі ең қымбат көлік сатылымға шығарылды

Ресейдегі ең қымбат көлік сатылымға шығарылды

Ресейдегі ең қымбат көлік сатылымға шығарылды
ашық дереккөзі
Мәскеуде Ресейдегі ең қымбат көлік сатылымға қойылды. Оның құны – 225 млн рубль. Хабарландыру «Авто.ру» порталында жарияланды. Әңгіме 2018 жылы шыққан Bugatti Chiron автокөлігі жайлы болып отыр. Ақ-көк түсті гиперкармен 700 шақырым жол жүрілген. Көлік іші қоңыр былғарымен қапталған. Оның қуаттылығы – 1500 ат күші, соның арқасында жүргізуші жылдамдықты небары 2,5 секундта сағатына 100 шақырымға дейін арттыра алады. Көліктің ең жоғары жылдамдығы – сағатына 420 шақырым. Хабарландыруға сүйенсек, автокөлік жаңа күйде, оның бұрынғы әрі жалғыз қожайыны гиперкарды небары 2,9 жыл жүргізген. Айта кетейік, бұдан бұрын Майкл Джорданның көлігі сатылымға қойылған еді. Сарапшылар 1996 жылғы Mercedes-Benz S600 автокөлігі 100 мың доллардан жоғары бағаға сатылады деп болжаған болатын.