Жаңалықтар

Бұдан былай пицца қалдықтардан дайындалатын болады

ашық дереккөзі

Бұдан былай пицца қалдықтардан дайындалатын болады

АҚШ-тың Сан-Франциско қаласында қалдықтардан пицца дайындала бастайды. Бұл туралы Waste360 порталы хабарлады. Ugly Pickle Co. брендінің негізін қалаушы аспаздар мұндай тағамды әзірлеу барысында субөнімдер, тұрып қалған көкөністер мен жемістер, сондай-ақ, пайдаланылған астық қолданылатынын айтты. Олар өз өнімдерін «қоқыс бәліштері» деп атайды екен. Пицца өндірушілердің сөзінше, олардың мақсаты – азық-түлік қалдықтарын азайтып, жергілікті фермерлерге көмектесу. Қалдықтардан дайындалған тағам жергілікті мейрамханалардың бірінде келушілерге ұсынылмақ.