COVID-19: Ғалымдар қоғам үшін ең қауіпті адамдарды атады

Коронавирустың таралу қаупінің негізгі факторы – адамның қоршаған ортаға шығаратын вирусының мөлшері. Бұл туралы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның Telegram-каналында хабарланды. 

«Қазіргі кезде қоғам үшін ең қауіпті адамдар – бұл вирустың ағзаларында белсенді түрде көбеюіне, сондай-ақ індеттен сауығып шыққанына қарамастан бетперде тақпайтын адамдар», – дейді ресейлік ғалымдар, медицина ғылымдарының докторлары Николай Дурманов пен Александр Карабиненко.

Ғалымдардың пікірінше, коронавирус жоғарғы тыныс жолдарында қалады. Негізгі қорғаныс – барлық адамдармен байланыста болған кезде сақтық шараларын сақтау: бетперде, қолғап кию, әлеуметтік қашықтықты сақтау.

Back to top button