ӘРІП ТАҒДЫРЫ

Бұл, әскер қызметінде жүргенде пайымдай бастаған нәрсем еді. Мурманск облысының Дания, Норвегия жақ шетінде орналасқан Нерпичий Залив деген жер. Әскери құрылысшылар батальоны. Қырық ру адам. Осы түрлі нәсілдің ішінен бір топ адам біздің көзімізге жылыұшырап көрінген. Қараторы немесе аққұба өңді, шаштары бұйралау, мұрындары қоңқақтау, зор денелі, еңсегей бойлы кавказдықтар. Бірақ барлығының тілі қазақ тіліне ұқсас. Алғашында Қазақстанда тұратын, қазақ тілін жақсы меңгерген таулықтар деп ойлағанбыз. Артынан сұраса келе, жерлес санап жүрген таулықтарымыз Солтүстік Кавказ, Дағыстанннан келген қарашай, балқар, құмық халықтарының өкілдері болып шықты. Нарынқолдық Асқар деген бір жігіт бар еді, сол, – Олай болса қазақ тілін қайдан білесіңдер? – деп сұрағанда таулық достарымыз түсінбей қалған.

Біз өз тілімізде сөйлеп отырмыз – деген шамданып.

Солтүстік Кавказ бен Дағыстанда тұратын Әзірбайжаннан басқа барлық дерлік түркі халықтары ноғай тілі деп аталатын бір тілдің көзге көрінер – көрінбес айырмалары бар диалекттерінде сөйлейтінін біз кейін білдік. Ал ноғайдың қазақпен бір рет айрылысып, Ноғай ордасы күйрегеннен кейін қайтып келіп қазаққа қосылған кәдімгі қазақтың рулары екенін де кейін білдік. Бұл турасында қазақта кең тараған «Ел айрылған», «Ноғай – қазақ айрылған», «Ноғай – қазақтың зары» деген күйлер де бар.

Алайда сол сәтте, бұның бәрінен бейхабар біз үшін кавказдықтар мен дағыстандықтардың біздің қазағымыздың тілінде сөйлеуі таңғажайып құбылыс еді.

Кей-кейде асханадан үлкен бір пышақ алдырып, соны аузына тістеп, етігін шешіп шұлықшаң бір қарашай я балқар, я құмық ортаға билеуге шығады. Басқа біреуі аяғының арасына орындықты қысып алып барабан құсатып ұрып отырады. Ішінде біреуі керемет гармоншы еді. Сол жігіт гармонмен адамның жүрегін елжірететін бір керемет әдемі, екпінді әуенді ойнайды. Қалған қарашай, балқар мен құмық қол соғып, әндетіп биші жігітті қошеметтеп тұрады.

Теңізбайдың қыздары

Қатырыма келгенде, – деп басталатын ұзақ ән біткенше биші тоқтаусыз асыр салады.

«Қатырыма келгенде» деген не? – деп сұрағанымызда Қайып деген балқар жігіт, ол «есіме түскенде», дегенді білдіреді, – деп жауап берді.

Қазақ тіліндегі «қапер» де кейде «қатер» деп айтылады. О керемет, дедік те, қойдық.

Күндердің күнінде біздің бөлімшемізге іссапармен жиырма шопыр келді. Жартысынан астамы қырым татарлары екен. Бірде өздерімен өздері әңгімелесіп отырғандарында жандарынан өтіп бара жатып…

қазақ әуезін естідім.

Қазақстаннан келдіңдер ме? – дедім жандарына барып.

Жоқ, Қырымнанбыз, – деді сөз бастап отырған біреуі, – Симферополь, Ставрополь.

Қазақ тілін қайдан білесіңдер дей жаздап барын тілімді тістей қалдым. Кейін араласа келе тағы да ғажап қалдық.

Сүлеймен Әбубекіров деген қырымның татары бізбен әңгімелесіп отырғанда қазақтардың бірі.

Ән айтшы, – деді.

Сүлеймен кеудесін кере әндетіп қоя берген.

Тауға бардым тал кестім,

Тартпады танам-ай.

Ән айтылып болғаннан кейін балалардың бірі «бұл ән не жайында» деп сұрады. Сүлеймен «осылар мені ақымақ қылып отырған жоқ па дегендей» бетімізге күмәндана қарап сәл отырды да түсіндіре бастады.

– Тауға бардым, отын шаптым, сол отынды арбаға тиегенде танам арбаны тарта алмай қалды, деген сөз. Сендер немене мыжып отырсыңдар? Мені келемеш қылғыларың келе ме?

– Ал тана деген не? – деді балалардың бірі.

– Тана деген құнажыннан үлкен сиырды айтады, – деді Сүлеймен, – Біз жақта арбаға сиыр жегеді.

Осы жерге келгенде күлегеш Асқар шыдай алмай тарқылдай күлген. Сүлеймен шамданып қалды.

Неменеге күлесің? – деді Асқарды жағасынан алып, – Біреудің абұйыры ашылып қалды ма?

Және осының бәрі таза қазақ тілінде айтылып жатыр. Төбелесейін деп тұрған Сүлеймен мен Асқарды ажыратып жібердік.

Кейіннен мен ауырып Североморск қаласының госпиталінде жатқанда бір қарақалпақ ұлтының өкілімен палаталас болдым. Ол да маған қарап… таза қазақша сөйлеген.

Міне, Кавказбен Дағыстандағы бірнеше ұлттың, қырым татарларының, қарақалпақтардың менің тілімде, қазақ тілінде сөйлеуі мен үшін үлкен жұмбақ, әскер қызметінен алып шыққан ең үлкен жұмбақ еді. 1976 жылы мен Алматыдағы Абай атындағы педагогика институтының филология факультетіне түстім. Көңілдегі үлкен түйткілдің бірі осы жерде шешілген.

Жазу мен тілдің тарихын қосып, «тарихи грамматика» деген пәнді майталман ұстаз Асхат Әбілқаев жүргізетін. Керемет білімді адам еді. Тілдердің шығу тегін, әр сөздің сырын жіліктеп тұрып түсіндіргенде көңілдегі ең шытырман күмәндер сейілетін. Ностратикалық теорияның орасан кемшіліктерін де осы Асхат ағамыз алғаш көрсеткен еді. (Кейіннен бұл салада, мезгілсіз көз жұмған ғалым Серікбай Қондыбай үлкен еңбек етті, үндіевропалық деп аталатын тілдер жүйесіндегі көптеген лексикалық байлықтың түптеп келгенде ескі түрік, арғы түріктің сөздері екенін дәлелдеді).

1979 жылдың күзі. Соңғы курс студентіміз. Шамалғанның ар жағындағы Қарғалы поселкесінде педагогикалық практикада жүрміз. Алматыға қайтатын уақыт тақағанда шағын дастархан жасап, осы практика кезінде тәлімгер болып жүрген Асхат ағамызды қонаққа шақырдық. Студент пен қомсынған жоқ. Келді.

Сендер енді, бес минутсыз әріптессіңдер ғой, – деп бізбен коньяк ішті.

Содан соң көңілі жайланып ұзақ-ұзақ әңгіме шерткен. Бұл оның бұрын, аудиторияда айтқандарынан мүлдем бөлек әңгіме еді.

Аға, мынандай нәрсені білгіміз келеді, – деді балалардың бірі. – Түрік халықтары ауызекі сөйлескенде бір-бірін оп-оңай түсінеді.Ал бірақ бір-бірінің жазуын оқи алмайды. Бұның себебі неде?

Мен де әскери қызмет кезінде дәмдес болған балқар, қарашай, құмық ағайындарды еске түсіріп біраз әңгіме, айтып бердім.

Сұрақтарың орынды, – деді Асхат аға.

Сонан соң недәуір уақыт ойланып барып, әр сөзін екшей сөйлеген.

Балалар менің бұл айтқандарымды бір жерде қайталап, арандап, пәлекетке ұшырап жүрмеңдер. Біліңдер, бірақ іштеріңе сақтаңдар. Білгенімше айтып берейін. Кейбір сөздерім жаңсақ та болуы мүмкін. Тек менің сөзімді принципінде дұрыс деп қабылдаңдар. Кейін заман өзгергенде, шындық ашылғанда менің бұл айтқандарымды өздерің толықтырып аларсыңдар. Қысқасы былай болған. Революциядан кейін Қырымда Исмайылбек Ғаспыралы, қазақта Ахмет Байтұрсынов, Әлихан Бөкейханов, Жаханша Досмұхамедов сияқты алаш азаматтары түрікшілдіктің ұранын көтерді. Кейіннен бұл ұранға Түркияның алғашқы президенті Кемал Ататүрік қосылды. Барлық түрік халықтарына ортақ латын әліпбиі осы кезде қабылданған. Кейіннен, шет жағасын өздерің де білесіңдер, Алаш қозғалысы да, Қырымдағы түрікшілдер қозғалысы – барлығы талқандалды. Көп ұзамай бірыңнғай әліпби жойылып, барлық түрік халықтары кириллица деп аталатын осы қазір өзіміз пайдаланып жүрген әліпбиге көшірілді. Сталиннің жанында отырған «кемеңгер» орыс филологтары әр халыққа әртүрлі ұлттық әліпбилерді «жасап» берді. Мақсат – түрік қана емес, жалпы бауырлас, қандас барлық халықтарды бір-бірімен түсінісе алмайтын қылу, қолдан келгенше араларын алшақтату. Құмық, қарашай, балқар, Молдавияда отырған гагауз, ноғай мен қазақ, қырым татарлары бір-бірімен ауызекі тілде қиналмай сөйлесе тұра, бір-бірінің тасқа басылған жазуын тани алмауы осыдан келіп шығады. Міне, менің білетінім осы, қарақтарым. Тағы да қайталап айтам, менің бұл айтқандарымды қайталап керегі жоқ. Өздерің үшін. Мен жасым жеткен адаммын. Ал сендердің болашақтарың әлі алда…

Арада біраз жыл өткенде аяулы ұстаз көз жұмды. Дүние тағы бір төңкерілгенде Совет Одағы ыдырап империяның құрамындағы қаншама халық егемендік алып шықты. Осы Ресейдің ,одан соң Совет одағының темір бұғауынан құтылып азаттыққа жеткен жұрттардың бел ортасында біз келе жатырмыз. Егеменді Қазақстан Республикасы.

Егемендік алғаннан кейін бір жылға жеткізбей-ақ барлығын анықтадық. Асхат ағамыз аздаған детальдардан қате жібергені болмаса, шындығында да принципінде дөп түсіпті. Біраз нәрсені естіген, анықтаған, біраз нәрсені өзі болжап тапқан.

Енді оқырманның өзі де бұрыннан білетін жайттарды үстіртін болса да жаңғыртып өтейік.

1914 жылы Ресей мен Австро-Венгрия және Германияның арасында басталған соғыс ақырында шиеленісе келе бірінші дүниежүзілік соғысқа ұласады. Осы кезде герман армиясының Бас штабы Ресей империясын іштен іріту мақсатында Швейцарияда эмиграцияда жүрген орыс революционерлерін Ленинді басшы етіп, Финляндия арқылы айналма жолмен Петроградқа жеткізеді. Ар жағы белгілі. Күн көсем «Егер империяны құлатсақ жердің барлығын крестьяндарға үлестіріп береміз Мәңгіге», деп шаруаларға «зауыт-фабриканы жұмысшыларға үлестіріп береміз Мәңғіге» деп уәде береді. Социализм кезінде мемлекет деген жойылады деп тағы да «бақыт үлестіреді». Осы қарабайыр ұрандар таңғажайып нәтиже берген. Ресейдің пәленбай миллиондық армиясы шаруалардан құралған. Лениннің уәдесіне сеніп қалған солдаттар майданды тастап, тезірек жер бөлісуге асығып ауылдарына қашқан. Әрине қолдарындағы винтовкаларын тастамаған, қашқан әскерді тоқтатпақ болған офицерлерді штыкпен шаншып, атып өлтіріп кете берген. Осылайша Батыс майдан күйреп, жойылып, неміс армиясы ешқандай қарсылық көрмей Ресейдің жерін оп-оңай жаулап ала салған. Немістер Ленинге «Ресей империясын таратып жоқ қыласың, осыны орындасаң орыстың бүкіл байлығын тонауға рұқсат береміз, сендерге ешкім сырттан келіп тиісе алмайды, себебі, біз сендерді қорғап тұрамыз» деп қатаң тапсырма береді. Ленин, өзінің қожайындарының айтқанын екі етпейді, революция жеңіске жеткеннен кейін «Ресей империясы жойылды, енді елдің барлығы бос, тараңдар» деп жар салады.

Осы жан-жаққа «тараған» халықтардың ішінде Ресейдің бұрынғы отары Финляндия ғана шын бостандық алып, егемендікке жетіліпті. Ал, қалған елдер, ұлыстар, халықтар қайтадан қанға батырылып қайтадан біріктірілген. Оның себебі мынада еді.

1918 жылдың күзінде біріккен Одақтастардың күшіне төтеп бере алмаған Германия күйреді, масқара келіссөздердің кезінде, Америка мен Англияның небір қорлық шарттарына көніп, егемендігінен айрылды. Өзін таққа отырғызған қожайыны Германиядан құтылған Ленин енді мүлдем басқа адамға айналды, «Социализм кезінде мемлекет атаулы жойылады!» деген бұрынғы ұранды ұмытып, енді Ресей империясын бұрынғы шекарасында қалыпқа келтіру идеясын уағыздай бастады. Ақырында Ақ гвардияны жеңіп, ары асырып тастағаннан кейін, империяның бұрынғы отарларын қайыра отарлады. Міне, алашшыл-түрікшіл қозғалыс осы 1917 жылғы қазан төңкерісі мен 1918 жылы Германияның күйреуі аралығында дүниеге келген ұлы елдіктің елесі еді.

Құрметті оқырман, Сіз жаңылыс оқып отырған жоқсыз. Бұл шынында да ұлы елдіктің , Ұлы Түрік қағанатының елесі еді. Картаға қараңыз. Егерде Ақтаудан тік тартсаңыз Каспий теңізінің (бізше Хазар теңізі, немесе Көк дария, немесе Әбескүн теңізі) арғы жағасында Мақашқала – Дағыстанның астанасынан шығасыз. Дағыстанда құмық, қарашай, балқар отыр. Солға қарай, яғни Иранға қарай сәл қиыстау тартсаңыз – Бакудан, Әзірбайжанның астанасынан шығасыз. Ал Әзірбайжанның өзі баяғы Иран мен Ресей соғысы кезінде пайда болған елдік. Соғыста жеңілген Иран қоластындағы әзірбайжанды (түрік нәсілін) ортасынан қақ бөліп Ресейге берген. Яғни жарты әзірбайжан өзінің жерімен, суымен, нуымен қазіргі Иранның құрамында отыр. Әзірбайжанның ар жағы Нахичеван. Ал Нахичеванның арғы жағы ұлы Түркия. Стамбулдан шығып Қара теңізді қақ жарсаңыз тағы бір түрік нәсілі жайлап отырған Қырымнан шығасыз. Қазақстанның солтүстік батысында Еділ бойы түріктері – татарлар, башқұрттар, марилер отыр. Сібірде алтайлықтар, төлеңгіттер, хақастар, тувалар, барабын татарлары, якуттар, оның ар жағында тунгустанып кеткен тағы да толып жатқан түрік халықтары. Осының бәрі бір әліпбиді пайдаланса, күндердің күнінде жақындаса келе «екінші шағатай тілі» пайда болар еді. Әрине, Ленин бұндай салмағынан жер жарылған елдіктен шошыған, қайткен күнде болдырмаудың әрекетіне кіріскен. Оның адал шәкірті Сталин де бұл «игілікті» істі ары қарай түбегейлі жүргізіп, ақырында ұлы түрік идеясын күйретіп тынған. Ар жағы оқулықтардан белгілі. Жер-жердегі түрік нәсілінен шыққан қайраткерлер лек-легімен атылған, асылған, түрік санасы енді қалыпқа келместей етіліп өшірілген. Біз Совет Одағының территориясында тұратын түрік халықтарының санын әлі күнге дейін толық білмейміз. Статистикалық мәліметтер Совет заманында да, қазір де жасырылады. Әйтеуір көп екенімізді білеміз. Бірақ, қанша? Белгісіз.

Жазудың ауысуының салдары қандай? Мысалға біздің өзіміздің төл жазуымыз болған. Көне түрік жазуы деп аталады. Бізде шумертану (шумерология) ғылымы жоқ. Әйтпесе, көкіректе, сол шумер мәдениетінде, шумер әліпбиінде, жазба мұрасында біздің үлесіміз жоқ па екен деген күмән де бар. Олжас Сүлейменов өзінің «Қыш кітабында» осыған меңзейді.

Евразия даласында үстемдік құрын, билік орнатқан қондыгер қаңлы (скиф) нәсілінің де төл жазуы болуы мүмкін. Себебі, көне түрік жазуының табиғатынан мыңдаған жылдық дамудың белгісі танылып тұрады.

Құрметті оқырман, әліпбидің ауысуының қасіреті – бұрынғы мұраның ұмытылып отыруында. Әліпби ауысады, сол әліпбиде жазылған текстер жойылады. Мысалға, қазір қарапайым халық көне түрік немесе сары ұйғыр жазуындағы жәдігерлерді оқи алмайды. Бұл текстер енді ғалымдардың ғана еншісінде. (Осы орайда Асхат Әбілқаев ағамыз «Қазақстанда бір ғана көне түрік бар – ол профессор Томанов!» деп қалжыңдайтыны еске түседі). Біздің байырғы, көне түрік тіліндегі жазба мұрамыз батыстың, орыстың ғалымдарының «меншігі». Солар оқиды, солар талдайды, солар пікір айтып үкім кеседі. (Олармен дауласа көрмеңіз, Құдай сақтасын!). Енді түрік әулеті Орхон-Енисей бойынан қоныс аударып, қазіргі Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан, батыста Хазар Теңізінің екі жағасын, Кавказ бен Шығыс Еуропаны алды. Бұл кезде енді урбанизацияға ұшыраған түрік нәсілі араб жазуына көшті. Яғни, тастағы жазулар Орхон мен Енисей, Селенгі мен Керуленнің жағасында түсініксіз бір өркениеттің белгісі болып қала берді. Араб жазуында түріктің нәсілдік, милләттік ғылымы мен мәдениеті өркендеді, түрік ойының ең көрнекті, ең асқақ үлгілері араб тілінде таңбаланды. Содан соң жазу тағы өзгерді… тағы өзгерді… және өзгерді. Ал өзгерген сайын, жоғарыда өзіміз айтқандай бұрынғы мұра тарих еншісіне айналып отырды.

Жазу-сызуды, тілді унификациялаудың, бірыңғай қылудың ең үлкен әрекеті Алтын Орданың кезінде болыпты. Шағатай тілі – Алтын Орда филологтарының ең ұлы жетістігі. Адам айтса нанбайтын нәрсе, бірақ шағатай мәнерінде хат жазу дағдысы қазақта өткен ғасырдың 70-ші жылдарына дейін келіпті. (Шағатай мәнерінде жазылған хатты оқығанда, ондағы, адресатқа деген құрмет пен ізеттен жүрегің елжіреп, көзіңе жас келеді. Қазақ бұндай инабаттан, бір-біріне деген бұндай құрмет пен ізеттен айрылғалы қашан. Біз советтік стильде, советтік жарлықтар стилінде хат жазып үйрендік. Дік-дік, дүрс-дүресбұндай хаттарда мәліметтен басқа ештеңе де жоқ).

Қазан төңкерісінің алдында бізде «төте жазу» деген болды. Қазақ сөзі араб әрпімен жазылады. Оны да қазір арнайы сол мәселемен айналысатын филологтар, әуесқой зерттеушілер ғана біледі, оқи алады. Содан соң латын әрпіне көштік. Бұл азғантай дәуреннен кейін кириллицаға көштік.

Міне көріп отырғанымыздай, жазу-сызу, әліпби ауысқан сайын атамұра жойылып отырады. Жер бетінен жойылады десек астамшылық болар, бірақ ұрпақ жадынан өшетіні, маман филологтардың еншісіне ғана айналатыны анық. Осы орайда мынадай бір, кітаптан оқыған хикая еске оралады. Ағылшынның Индиядағы отарлық армиясының жоғары шенді офицері, масон әулетінен шыққан белгілі ғалым Дж. Черчвард бірде сахабалардың қолындағы көне жазба мұралар қоймасын аралап келе жатып, бұрышқа қарай күреліп тасталған, тау болып жатқан қыш кітаптарға көзі түседі. Өзін ертіп жол көрсетіп келе жатқан сахабадан «Бұл не, неге бұрышқа үйіп тастағансыңдар?» деп сұрайды. «Әбден ескірген, жазуы түсініксіз дүниелер. Бұл кітаптарды ешкім оқи алмайды, себебі бұл жазуды ешкім білмейді. Баяғыда ұмытылған әліпби. Сондықтан, керегі болмағандықтан сырып тастаған едік» деп жауап береді сахаба. Дж. Черчвард «Олай болса бұл кітаптарды маған бере салсаңыздар қайтеді?» дейді. «Ала беріңіз» депті сахаба. Дж. Черчвард көне жазулардың ,әліпбилердің майталман білгірі, аталған кітаптарды алып оқып, текстің сырына жетіпті. Осыдан жүз мың жылдан астам бұрын, Атлантидадан әлдеқайда ерте пайда болған Алтын Империяның орталығы, қазіргі Австралияның жерінде өркендеген Му континенті жайында, заманы келгенде Алтын Империядан егемендік алып Ұйғыр қағанатының бөлініп шыққандығы жайындағы сенсациялық мәлімет осылай жария болған екен.

Кезінде Құбылай хан, Қытайдың жазуға икемсіз иероглифтік әліпбиін кәдімгі дыбыстық әліпбиге ауыстыру жайында шешім қабылдайды. Сонда қытайдың он сегіз мың ғалымы бұл шешімге қарсы болыпты, қахарлы ханға қасқайып қарсы тұрыпты. Құбылай ашуға мініп, ғалымдарды сарайға алдырып алдарына екі шарт қойыпты. Біріншісі, реформаға көну, жаңа жазуды қабылдау, осылайша аман қалу. Екіншісі, ескі жазуда қалу, өлу. Осылайша он сегіз мың ғалымның басы шабылып, Қытай өзінің ескі жазуын сақтап қалыпты деп жазады ескі жәдігерлер. Кім біледі, гиперболаға бейім қытай тарихшылары өсіріп айтқан шығар, он сегіз мың ғалым емес – он сегіз ғалым өлім жазасына кесілген шығар. Бірақ солай болған күннің өзінде қытай жұртының ата жолына берік екені, дәстүрді сақтау үшін, керек болса өлімге де бара алатыны осы ғақлия әңгімеден айна-қатесіз көрініп тұр. Әрине, моңғолдан шыққан Құбылай хан мен қытай ғалымдарының арасындағы бұл конфликтің тамыры тереңде жатыр. Кейін реті келгенде бұны да әңгіме етерміз. Бұл жерде біздің айтпағымыз басқа. Біз екі түрлі ел – ұлы түрік нәсілі мен ұлы қытай нәсілінің жазу мәдениетін, әліпбилерінің тарихы мен тағдырын салыстырып отырмыз бұл жерде. Әрине, Қытайдың жоғалтқаны да аз емес. Мәдени революция кезінде де кітап өртеу, ата мұраны жою деген сұмдықтар болыпты. Алайда Қытайдың сақтап қалған мәдениеті ұшан-теңіз. Жазуы қырық рет өзгеріп кеткен біз, яғни, түрік нәсілі қытаймен шендеспек түгілі, олардың маңайына бара алмаймыз.

1989 жылы консерваторияның ректоры Дүйсен Қасейіновтің арнайы шақыртуымен вьетнамдық ғалым Ван Нам Алматыға келіп бір айдай лекция оқыды. Алғашында біз оны Вьетнамнан келген адам деп ойлағанбыз. Олай емес екен. Ван Нам Дағыстандағы Қабарды-Балқар елінен келген екен. Кейін араласа келе өмір тарихын айтып берді. Вьетнамнан келіп Москвада оқыған, орыстың қызына үйленіп, ақыры жолдамамен Қабарды-Балқардың астанасы Нальчик қаласына аттанады. Лекциядан кейін біздің фольклор кабинетімізге келіп, шай ішіп отырып ұзақ әңгімелеседі. Бірде, – Қызық, сіздер тура балқар тілінде сөйлейтін сияқтысыздар, – деді Ван Нам. – Балқарлар өздері о баста бір-ақ халық болған екен. Екі тайпаның біреуін шеркестерге қосып бір республика, екіншісін қабардыларға қосып бір республика етіпті. Мен тұрып жатқан қаланың аты Нальчик емес – Иналшық екен. Бір түркітанушы ғалым маған «Иналшық» деген ескі түрік тілінде «Хан», «Әмірші» дегенді білдіреді, қазіргі астана Нальчик о баста «Иналшық», яғни «Ханның ауылы», «Ханның қыстағы» деген ғана болған, қазір үлкейіп қалаға айналып кеткен деп түсіндіріп еді.

Шыңғысхан өлтірген Отырардың ханы Иналшы Қадырхан деген болған, – дедім мен.

Интересно, – деді Ван Нам басын шайқап, – Қызық екен.

Несі қызық? – дедім мен, – Олардың барлығы Алтын Орданың кезінде Кавказға дейін шашырай қонған қазақтың, түріктің рулары…

Иә, солай болған, құрметті оқырман. Алтын Орданың кезінде Кавказға иналшы-әкім болып барған, Кавказдың қырық ру халықтарын бағындырып ұстап тұрған әулет, замананың желі түрік нәсіліне қарсы соққанда Ресейдің табанының астына түскен, империяның неше ғасырлық тепкісінен сүйегі саудырап, азып, ақырсоңында шешен мен ингуштан, армян мен грузиннен несібесі мен абыройы төмен, екінші қатардағы халық дәрежесіне түсірілген.

Еуропаны дүр сілкіндірген, Ресейдің өзін әлденеше рет шапқан, Речь Поспалитаны (поляк пен балтық халықтарының біріккен патшалығы) қалтыратып отырған Қырым жұрты да осындай кепке түсірілген. Алдымен егемендігінен айырған, содан соң 1941-1942 жылдары қырым татарлары деп аталатын халықты толайымен Қазақстанға көшірген. Әрине, бұл шағын мақалада Ресей империясының және соның мұрагері Советтік тоталитарлық империяның барлық қылмыстарын жіпке тізіп шығу мүмкін емес. Сөздің реті келгеннен кейін айттық.

Енді міне бүгін, ішкі-сыртқы саясатта аса байыпты, сақ, ақырын жүріп анық басатын Елбасымыз ерекше іске бел буып отыр. Енді әліпбиіміз өзгереді. Әліпби өзгереді, осылайша біз төрт тарап, жеті ықылымға тарап кеткен бауырлас ағайынмен, түрік деп аталатын нәсіл-қайыра бауырласамыз, ортақ мәдениетке қадам басамыз. Бұл баяғы Ахмет, Әлихан, Мұстафа, Жаханша, Мағжан, Міржақып сынды аяулы ағаларымыздың, Исмайылбек Ғаспыралы бастаған Қырым ұлтшылдарының, тағы да, біз атын біле бермейтін түрік нәсілі қайраткерлерінің асыл арманы еді. Олар жете алмады. Міне, біз бүгін осы істі ары қарай жалғастырамыз.

Әрине әліпбидің өзгеруі өте қиын шаруа. Әлі талай қателер болады, программалар өзгерген себепті компьютерлер «қалқып» қалатын болады, кириллицада жасалған жазба мұраны жаңа жазуға аудару кезінде талай сүріну де болады. Бәрі де болады. Бірақ соның бәрі де өтеді. Өтеді де кетеді. Діни кітапта айтылғандай, «Жаңа аспанға жеткенде, өтіп кеткен аспанды есіңе де алмайсың, ол туралы өкінбейсің де»

Жаңа әліпби құт-берекеге жеткізсін, ағайын.

Жазушы, кинодраматург, күйші Таласбек ӘСЕМҚҰЛОВ

2013 жыл

Редакция таңдауы

Қырғыздар Мұқағалиға құрмет көрсетті

22 ақпанда Бішкекте, Алықұл Осмонов атындағы ­­Қырғыз Республикасы Ұлттық кітапханасын­дағы Абай атындағы қырғыз-қазақ мәдени орталы­ғында Мұқағали Мақатаевтың 90 жыл­дығына арналған «Ең бірінші бақытым –...

Депутаттарды қайта оқыту неге керек?

Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев Мәжіліс отырысында «Қазақ­стан Республикасының кейбір заң­на­малық актілеріне аудандық, қалалық жә­не ауылдық билік деңгейлерінің дер­бестігі мен жауапкершілігін кеңейту мә­селелері бойынша...

Орындалмаған уәделер

Кемшілікті мойындау да – ерлік Есептік кездесулерге қашықтан қатыс­қан тұрғындардың көпшілігі әкімдер көз­бояу­шылықтың көкесін карантинде көр­сетті деп кейіді. Есеп онлайн форматта бе­рілгендіктен бұрынғыдай тұтқиылдан қойы­латын...

Мессидің шоуына қатысқан қандасымыз «Дю Солейде» өнер көрсетеді

«Дю Солей» циркі (Cirque du Soleil) – әлемдік цирк өне­рін­­де көш бастап тұрған ұжым. Сахнада өнер көрсе­те­тін жануарлардан толық­тай бас тартқан олар түрлі қойы­­лым­­дарды...
makataev

Қырғыздар Мұқағалиға құрмет көрсетті

22 ақпанда Бішкекте, Алықұл Осмонов атындағы ­­Қырғыз Республикасы Ұлттық кітапханасын­дағы Абай атындағы...
bf4f4f04fd3ccff0ff70d75e3dcecbc1

Депутаттарды қайта оқыту неге керек?

Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев Мәжіліс отырысында «Қазақ­стан Республикасының кейбір заң­на­малық актілеріне...
05 1

Орындалмаған уәделер

Кемшілікті мойындау да – ерлік Есептік кездесулерге қашықтан қатыс­қан тұрғындардың көпшілігі әкімдер көз­бояу­шылықтың...

Жаңалықтар

Марсқа қонған Perseverance тіршілік іздейді

Бейсенбі күні кешке NASA ғарыш агенттігі Марсқа жаңа Perseverance (Персеверанс) роверін қондырды (ағыл. – табанды, қайсар), - деп хабарлайды ВВС. Ровердің Қызыл ғаламшардағы басты міндеті...

Армения Қарулы күштері Пашинянның отставкаға кетуін талап етті

Армения әскері елдің премьер-министрі Никол Пашинян мен оның үкіметінің отставкаға кетуін талап етті, - деп хабарлайды РИА Новости ақпарат агенттігі.  Бас штаб басшысы Оник Гаспарян қол...

Доллар бағасы тағы да арзандады

Теңгеге қатысты доллардың ресми бағамы төмендеді. Ұлттық банк 26 ақпандағы америкалық валюта бағамын атады. Жұмада теңгеге шаққандағы доллардың ресми бағамы 414,77 теңге болады. Бұл ретте...

Қазақстанда аяз 40 градусқа дейін көтеріледі

26 ақпанда Қазақстанның 11 өңірінде ауа райы нашарлап, 35-40 градус аяз болады, деп хабарлайды "Қазгидромет". Жамбыл облысында, Тараз, Жезқазған, Қарағанды ​​облыстарында, Қарағанды, Жезқазған, Солтүстік Қазақстан,...

YouTube видеохостингі ата-ана бақылауы режимін енгізеді

Youtube платформасы ата-ана бақылауын орнатуға мүмкіндік беретін жаңа опцияны ойлап тапты. Бастапқыда YouTube видеохостингін жасаушылар 13+ жастағы бейнеге кіруді шектеді, сонымен қатар ата-аналарға балаларын...

Артур Төлепов әкімнің кеңесшісі болып тағайындалды

Актер Артур Төлепов Алматы қаласы ”Алатау” ауданы әкімінің штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалғанын айтып, халықтан қолдау сұрады. Ол өзінің әкімнің кеңесшісі болып тағайындалғаны жөнінде Instagram...

«Құлағым үсіп қалды». Желіде үскірік аязда жолда қалған қарағандылықтың бейнежазбасы қызу талқылануда (видео)

Әлеуметтік желілерде үсік шалып, аяз салдарынан зардап шеккен қарағандылықтың видеосы кеңінен талқылануда. Instagram желісіндегі shock_krg парақшасына жүктелген видеода ол Қарағанды облысы Шет ауданы Батық ауылына...

Алматының еріктілері қарт адамдарға қар тазалуда көмек көрсетуде

Алматының жастар ресурстары орталықтарының белсенділері мен жас отандықтар қарт адамдар мен коммуналдық қызметкерлерге көмектесу үшін қар тазалау акциясына шықты. Алматыда 24 ақпанда сағат 16.00-дан бастап...

Сауль «Канело» Альварес: «Головкинді сұлатып түсіремін»

Мексикалық былғары қолғап шебері Сауль «Канело» Альварес журналистердің оның Геннадий Головкинге қарсы үшінші кездесу өткізуді қай уақытқа жоспарлап отырғаны туралы сұраққа жауап беруден мезі...

Исламжан Насыров ҚПЛ-дан неге «қашып кеткенін» түсіндірді

Екатеринбургтік "Оралдан" ҚПЛ-ға ауысқан Исламжан Насыров "Тұраннан" (бұрынғы "Арыс") кетіп қалды. Бұл туралы инсайдер Айдын Қожахмет өзінің телеграм-каналында хабарлады. Бәрі жақсы сияқты болған, Насыров матчтардың...

Facebook ақпарат индустриясын қолдау үшін 1 млрд доллар инвестицияламақ

Американың Facebook компаниясы алдағы үш жылда ақпарат индустриясын қолдау үшін 1 млрд доллар қаржыны инвестициялауды жоспарлап отыр. Бұл туралы компанияның жаһандық саясат және коммуникациялар...

Тұрғын үй бағдарламасымен жастарға берілетін баспана құны қанша?

«Отбасы банк» АҚ орталық филиалының директоры Жансұлтан Матай жастарға арналған тұрғын үй бағдарламасы арқылы берілетін баспана бағасы қанша теңгеге айналатынын айтты. «Қазір Нұр-Сұлтан мен Алматыда...

Мемлекет басшысының Ұлттық кеңестің V отырысында сөйлеген сөзі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің V отырысында сөйлеген сөзін жарияланды. Құрметті жиынға қатысушылар! Ұлттық кеңестің қызметі әуел бастан қоғамның ерекше назарында. Оның жұмысына...

Елбасы Бауыржан Байбекті қабылдады

Кездесуде «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасын әрі қарай жүзеге асыру мәселелері, сондай-ақ сайлауаралық кезеңдегі партияның жұмыс жоспары талқыланды. «Nur Otan» партиясының Төрағасы...

Алматы-Бішкек тас жолында 7 көлік соқтығысты

Алматы-Бішкек тас жолында қалың қар мен көктайғақ салдарынан 7 көлік соқтығысты. Оның ішінде біреуі жолаушылар автобусы. Бір адам дене жарақатымен ауруханаға жеткізіліп, тексеруден кейін үйіне...

Павлодар облысында өрт сөндіру кезінде ТЖМ қызметкері қаза тапты

Павлодар облысы Ақсу қаласының Ақсу шағын ауданында өрт сөндіруші қызметтік міндетін атқару кезінде қаза тапты, – деп хабарлайды ҚР ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли. «2021...

Қырғыздар Мұқағалиға құрмет көрсетті

22 ақпанда Бішкекте, Алықұл Осмонов атындағы ­­Қырғыз Республикасы Ұлттық кітапханасын­дағы Абай атындағы қырғыз-қазақ мәдени орталы­ғында Мұқағали Мақатаевтың 90 жыл­дығына арналған «Ең бірінші бақытым –...

Депутаттарды қайта оқыту неге керек?

Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев Мәжіліс отырысында «Қазақ­стан Республикасының кейбір заң­на­малық актілеріне аудандық, қалалық жә­не ауылдық билік деңгейлерінің дер­бестігі мен жауапкершілігін кеңейту мә­селелері бойынша...

Орындалмаған уәделер

Кемшілікті мойындау да – ерлік Есептік кездесулерге қашықтан қатыс­қан тұрғындардың көпшілігі әкімдер көз­бояу­шылықтың көкесін карантинде көр­сетті деп кейіді. Есеп онлайн форматта бе­рілгендіктен бұрынғыдай тұтқиылдан қойы­латын...

Қазақ көші қолдаусыз болған емес

Қазақ көші атажұртқа сап түзегелі қилы жағдайды бастан кешті. Әйткенмен қандастардың салқар көші байырқалаған жоқ, байсалды болды. Оған себеп дүниенің төрт бұрышынан ағылған көштің...

Максим СПОТКАЙ: Қиындықта көрген қамқорлық ешқашан ұмытылмайды

Шын мәнінде, қазақ – ерекше алғысқа лайық халық. Себебі қазақтар қиын-қыстау за­­­манда осы мекенге жер аударылған түрлі этнос өкілдерін құшақ жая қарсы алып, қол­дау...

Аскер ПИРИЕВ: Бірліктің арқасында талай жеңіске жетеміз

– Елбасы Н.Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясын құру идеясын алғаш рет 1992 жылы Тәуелсіздіктің бірінші жылдығына арналған Қазақстан халықтарының фору­мында айтқан болатын. Ал 1995 жылғы...

Мессидің шоуына қатысқан қандасымыз «Дю Солейде» өнер көрсетеді

«Дю Солей» циркі (Cirque du Soleil) – әлемдік цирк өне­рін­­де көш бастап тұрған ұжым. Сахнада өнер көрсе­те­тін жануарлардан толық­тай бас тартқан олар түрлі қойы­­лым­­дарды...

«Елорда жастары» тұрғын үй бағдарламасы кімдерге арналған?

«Отбасы банк» АҚ орталық филиалының директоры Жансұлтан Матай «Елорда жастары» тұрғын үй бағдарламасының қай санаттағы жастарға арналғанын түсіндірді. «Қазір осы бағдарлама бойынша талаптар әзірленуде. Бұл...

Елорданың көктемгі әуендері

Наурыз айында «Астана Опера» камералық залында елорда тұрғындары мен қала қонақтарын балалар мен ересектерге арналған жарқын концерттік бағдарламалар мен керемет спектакльдер күтеді. 5 және 9...

ЕҚЫҰ ПА Бас хатшысы Роберто Монтелла: «Астана рухын» жандандыруымыз керек

24 ақпанда ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының сессиясы бейне конференция байланысы бойынша өз жұмысын бастады. Оған Сенат Төрағасының орынбасары Асқар Шәкіров бастаған ҚР Парламентінің делегациясы қатысты. Сенат...

Рейтинг: Мемлекет тілін білмейтін министр кім?

Ranking.kz аналитикалық компаниясы қазақстандық министрлердің тіл білу рейтингісін жариялады. Қазақстанда екі министр 5, төрт министр 4, бес министр 3, жеті министр 2 тілді меңгерген. Ал...

Қат мамандық қайсы?

Еңбек нарығы заман ағымына қарай үздіксіз өзгеріп отырады. Бүгін бәсі жоғары тұрған маман­дық­тар уақыт өте келе сұраныстан шы­ғып қалуы әбден мүмкін. Окс­форд университетінің ғалымдары...

Алматыда мыңнан астам ана сақтандыру есебінен ЭКО жасата алады

Қазақстанда экстракорпоральды ұрықтандыру процедурасының қолжетімділігі артты. Бұрын тегін медициналық көмек шеңберінде ғана жасалатын жоғары технологиялық қызметтің бұл түрі 2020 жылдан бастап медициналық сақтандыру пакетіне...

Димаш – ақиқатқа айналған арман

Әр ұлттың өніп-өскен, мекен еткен жеріне орай өзгеше болмысы қалыптасатыны ақиқат. Ұлы дала төсінде мыңдаған жылдар бойы еркін өмір сүрген, империя құрып ғасырлар бойы...

Түркі кеңесі елдерінің энергетика министрлері ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады

Түркі кеңесінің энергетика министрлері мұнай және газ, электр энергиясы, ЖЭК, сондай-ақ мұнай-газ-химия саласындағы өзара іс-қимылды, оның ішінде ұйымға мүше елдерде өндірілетін өнімді тасымалдау бағыттарын әзірлеуді...

Алғыс айту – ардың ісі

Негізін қазақ халқы құ­раған және күні бү­гінге дейін сол үр­діс тоқтаусыз жалғасып келе жат­қан мемлекетімізде қазақ­тан өзге жүзден астам ұлт өкіл­дері де осы елдің...

Мемлекеттік бағдарламалар бойынша тұрғын үй бағасы қымбаттамайды

«Отбасы банк» АҚ орталық филиалының директоры Жансұлтан Матай мемлекеттік бағдарламалар бойынша тұрғын үй бағасы қымбаттамайтынын айтты. «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында «Бақытты отбасы» бағыты бар, бүгінде...

Қазақстан мен Моңғолия арасындағы азаматтық және қылмыстық істер жөніндегі шартқа өзгеріс енді

Қазақстанда егер халықаралық шарттардың өзге қатысушылары өз міндеттемелерін орындамаған жағдайда аталған келісімнің немесе олардың жекелеген ережелерінің іске асырылуын тоқтату, сондай-ақ, жауап шараларын қабылдау тәртібі...

Қазақстан мен Оңтүстік Корея тұтқындарды алмастыруға келісті

Оңтүстік Кореяда сотталған Қазақстан азаматтары енді өз мерзімінің қалған бөлігін Отанында өтей алады. Бүгін сенаторлар тиісті шартты ратификациялады. Бұл жерде бірқатар шарттардың сақталуы маңызды болып...

Ұлттық құндылық телевизиялық рейтингтен жоғары болуы керек – Дана Нұржігіт

Сенат депутаты Дана Нұржігіт отандық телевизиядағы кейбір бағдарламалар ұлттық ұстанымдарымызға қайшы деп есептейді. Бұл туралы парламент өкілі үкімет басшысына жолдаған сауалында айтты. Депутаттың айтуынша, бүгінгі...

«Болашақ» бағдарламасы – келешекке жасалған көлемді инвестиция

– Тәуелсіздік алған тоқсаныншы жыл­дары жалпы ха­лық­тың жағдайы жақсы бол­ды, мына сала­ның дамуына ерекше жағдай жа­салды дей ал­маймыз. Қоғам өмірінің бар­лық саласы то­қырауға ұшырады....

Сенатор Ләззат Сүлеймен заңгерлерді даярлау кезінде сан қуаламай, сапаға қол жеткізу туралы айтты

Отандық жоғары оқу орындарында оқитын заңгерлер көп, бірақ өкінішке орай, заңгерлік білімнің сапасы көңіл көншітпей отыр. Сенатор Ләззат Сүлеймен өзінің депутаттық сауалында осы мәселені...

Мұрат Бақтиярұлы: Ашаршылықты зерттеу үшін ғалымдар мұрағатқа қол жеткізуі қажет

Ашаршылық тақырыбын жан-жақты зерделеу үшін ғалымдардың отандық және шетелдік мұрағаттарға қол жеткізе алуын қамтамасыз ету қажет. Бұл мәселені сенатор Мұрат Бақтиярұлы еліміздің Премьер-Министрінің атына...

Жамбылда 251 гектар жерді жайлаған 50 тоннадан астам жабайы қарасора жойылды

Былтыр Жамбыл облысында 251 гектар жерден 50 тоннадан астам жабайы қарасора жойылған. Бұл жұмыстар жерді жырту, шабу, өртеу және гербицидтерді қолдану арқылы жүзеге асқан....

Дипломатия жемістері

Биыл Қазақстанның тәуелсіз мемлекет болып жария­лан­ғанына 30 жыл толады. Осы тарихи датаға байланысты өмірімнің жиырмаға жуық жылын осы салаға арнаған дип­ломатия ардагері хақында, дербес...

Айман Ибрагимова дзюдодан Қазақстанның екі дүркін чемпионы атанды

Ақтөбе қаласында дзюдо күресінен 2004-2005 жылы туған жасөспірімдер арасындағы  Қазақстан чемпионаты жалауын көтерді. Онда Сарыағаш ауданының балуан қызы Айман Ибрагимова 44 кг салмақ дәрежесінде...

Мемлекет басшысы Білім министрлігіне ерекше қажеттілігі бар балаларға қатысты тапсырма берді

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ерекше қажеттілігі бар балаларды қолдауға қатысты еліміздің Білім және ғылым министрлігіне тапсырма берді. «Өкілетті органға ерекше қажеттілігі бар бала мен оның...

Президент: жер шетелдіктерге сатылмайтыны туралы түбегейлі шешім қабылданды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев шетелдіктерге ауыл шаруашылығы жерлерін сатуға және жалға беруге заң жүзінде біржола тыйым салуды және бір ай ішінде Жер реформасы жөніндегі...

Әлия Назарбаева мұғалімдер мен дәрігерлерге қатысты жобаны қолға алды

Қазақстанның Тұңғыш Президентінің кенже қызы Әлия Назарбаева көгалдандыруға қатысты тағы бір бастаманы қолға алды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Жоба аясында саябақтарға ағаштар егіледі. Оған...

Қос азаматтығы бар мемлекеттік қызметшілерге жазаны қатаңдату қажет – Президент

Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің 5-отырысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қос азаматтығы бар мемлекеттік қызметшілерге жазаны қатаңдату қажеттігі туралы айтты. «Қазақстан қос азаматтыққа тыйым салынған көптеген...

Президент аудан әкімдерінің сайлауы қашан өтетінін айтты

Мемлекет басшысы елімізде аудан әкімдерінің тікелей сайлауы қашан өткізілетінін айтты.  "Қазір біз кенттер мен ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдерін тікелей сайлауға дайындалып жатырмыз. Сайлау биыл шамамен...

Қазақстандықтар медициналық қызметтерді бір ғана мекемеден алуы тиіс – Қ.Тоқаев

Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің бесінші отырысында Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке осындай тапсырма жүктеді. «Азаматтар өздеріне қажетті қызметтің барлығын бір ғана медициналық мекемеден алуға тиіс. Осы жобаны...

Мемлекет басшысы медициналық оқу орындарындағы стипендияны көбейтуді тапсырды

Медициналық оқу орындарындағы стипендияны көбейту қажет. Бұл туралы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің 5-отырысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты. «Бұған дейін біз педагогикалық жоғары оқу орындарында...

Ауылда өз жұмысшыларына үй салып берген кәсіпкерлерге шығынның 50 пайызы қайтарылады – Президент

Бұл туралы бүгін Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің 5-отырысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді. «Кәсіпкер өз жұмысшыларына арнап ауылда үй салса, мемлекет оған кеткен шығынның 50...

Путин Жапаровқа Қырғызстанда орыс тілінің мәртебесін сақтаудың маңызын ескертті

Мәскеуге екі күндік жұмыс сапарымен барған Қырғызстан президенті Садыр Жапаров пен Ресей президенті Владимир Путин кездесті. Кремльдің хабарлауынша, Владимир Путин Садыр Жапаровты Қырғызстан президенті қызметіне...

Ұлттық экономика министрінің жаңа орынбасары тағайындалды

Әлібек Қуантыров ҚР Ұлттық экономика вице-министрі қызметіне тағайындалды. Бұған дейін осы лауазымды атқарған Мейіржан Юсупов қызметінен босатылды. Үкімет басшысы сайтының мәліметінше, Әлібек Қуантыров 1983 жылы Атырауда дүниеге келген. Томск...

Зейнетақы жинағын емделуге пайдалану үшін өтінім қабылдау басталды

25 ақпаннан бастап Қазақстанда біржолғы зейнетақы жинағын емделуге пайдалану үшін өтінім қабылдау басталды. Өтінімді enpf-otbasy.kz сайтында беруге болады. Біржолғы зейнетақы жинағын келесі медициналық қызметтерге пайдалануға...

Қар, боран, көктайғақ: Еліміздің 16 өңірінде ескерту жарияланды

Бір тәулік ішінде республиканың автожолдарында 155 бірлік техника шығарылды, 294 адам құтқарылды және эвакуацияланды. Бұл туралы КР ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли айтты. «Қазгидромет» РМК...

«Бірнеше күн нәр татпаған»: Ресейлік жазушы өз пәтерінде өлі күйінде табылды

Мәскеуде жас жазушы Аделина Шелдон өлі күйінде табылды. Бұл туралы Рен ТВ телеарнасы хабарлады.  Арна мәліметінге, 20 жастағы қыз өз пәтерінде көз жұмған. Соңғы бірнеше...

Пандемия салдарынан әлем әуежайлары қанша шығынға ұшырады?

Әлемдегі әуежайлар коронавирус кесірінен 112 млрд доллар шағынға ұшыраған. Мұндай мәліметті Әуежайлардың халықаралық кеңесі жариялады, деп хабарлайды «Хабар 24». Коронавирус жайлаған 2020 жылы шығын...

Коронавируспен ауырған балалардың денсаулығынан елеулі кінәрат анықталды

COVID-19-мен ауырған балалардың жартысында төрт ай бойы осы аурудың кем дегенде бір симптомы сақталады. Мұндай түйткілдер ғалымдар жүргізген зерттеу нәтижесінде анықталды, деп хабарлайды "Известия". Мамандардың...

Трамп жарлығының күші жойылды: Байден кейбір шетелдіктерге елге кіруге рұқсат берді

АҚШ президенті Джо Байден елдің бұрынғы басшысы Дональд Трамптың 2020 жылдың сәуірінде шетелдіктердің кейбір санаттарына елге кіруге тыйым салған Жарлығын жойды. Бұл туралы РИА...

Жуынатын бөлмеге телефонын алып кірген оқушы көз жұмды

Ресейдің Братск қаласында жуынатын бөлмеге телефон алып кірген оқушы қыз тоқ соғып мерт болды. Оқиғаға қатысты тексеріс басталды. Бұл туралы РФ тергеу комитеті өңірлік...

Түркістанда Бекзат Саттарханов атындағы спорт мектебі бой көтереді

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Бекзат Саттарханов атындағы дарынды балаларға арналған спорт мектебінің жобасын мақұлдады, деп хабарлайды Prosports.kz сайты өңір басшысының баспасөз қызметіне сілтеп....

Нұр-Сұлтанда аяз: 0-9 сынып оқушылары мектепке бармайды

Астанада ауа райына байланысты бірінші ауысымдағы оқушылар мектепке бармайды. «25 ақпан күні ауа райының қолайсыздығына байланысты қала мектептерінің бірінші ауысымындағы 0-9 сынып оқушылары үшін сабақ...

Алматыда 16 мыңнан астам студентке арналған бірнеше жатақхана салынады

Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров жоғары оқу орындары басшылығымен жатақхана құрылысы мәселесі жөнінде кеңес өткізді. Жиында «Елбасының бес әлеуметтік бастамасы» аясында жатақхана құрылысының барысы...

Атырауда Қайтпай сұлтан мешітінің іргетасы қаланды

Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов пен Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Атырау қаласының іргесіндегі Еркінқала ауылында атақты Қайтпай сұлтан мешітінің іргетасын қалады,- деп хабарлайды...

«Менің пірім- Сүйінбай» халықаралық жас ақындар айтысы

Абай атындағы ҚҰПУ-інде Жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына арналған «Менің пірім-Сүйінбай» халықаралық жас ақындар айтысының ақтық кезеңі 19 ақпанда өтті. Ақтық кезеңге 12...

Жаңаөзендегі балабақша 22 миллиард теңгеге азық-түлік сатып алмақ болған

Мемлекеттік сатып алулар сайтында ерекше лот  -  Жаңаөзендегі балабақша 22 миллиард теңгеге азық-түлік сатып алмақ болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. Балабақша 22,3 миллиард теңгеден астам...

БЖЗҚ еліміздегі ең жоғары зейнетақы қанша теңге екенін айтты

Еліміздегі ең жоғары зейнетақы 522 610 теңгеге жетті, деп хабарлайды БЖЗҚ баспасөз қызметі. Қордың мәліметінше, 2021 жылғы 1 ақпандағы көрсеткіш бойынша БЖЗҚ 167 423 алушыға...

Ертісбаев Путиннің беделін көтеретін факторды атады (видео)

«Спутник V» вакцинасы бүкіл әлемде мойындалса, бұл жетістік Ресей үшін алғашқы Жер серігі ғарышқа жіберілген сәттегі КСРО-ның даңқымен пара-пар болуы мүмкін. Мұндай пікірді Yertysbayev...

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі аппаратына жаңа басшы тағайындалды

ҚР мәдениет және спорт министрінің бұйрығымен Ернат Архатұлы Мұхамадиев ҚР МСМ аппаратының басшысы қызметіне тағайындалды. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі хабарлайды. Ернат Мұхамадиев...

Елорданың ірі мәдени ошақтары пандемия салдарынан қанша шығынға батқаны белгілі болды

«Astana Venue Management» ЖШС-ның бас директоры Мәлік Хасенов елордадағы мәдени нысандардың 2020 жылғы шығыстарына қатысты нақты деректермен бөлісті. «Егер әр нысанға қатысты нақты айтар болсақ,...

Қарызын қайтармаған досына оқ атқан павлодарлық 8 жылын түрмеде өткізеді

Сот үкімі Павлодар облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында жарияланды деп хабарлайды Pavlodarnews.kz. Іс алқабилердің қатысуымен қаралды. Сот 28 жастағы павлодарлықты қылмысқа дайындалғаны және кісі...

Ертісбаев Ұлттық кеңес туралы заңға екіұдай пікір білдірді (видео)

 Белгілі саясаткер Ермұхамет Ертісбаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі туралы заң қабылдау жайлы ұсынысқа қатысты пікір білдірді. Бұл туралы ол өзінің Yertysbayev Live  атты Youtube-арнасында...

«Абай» мәдени-іскерлік үйінің атқарар міндеті мол

Бүгінде жер-жаһанның 43 елінде тұратын этникалық қазақтардың қарасы 7 миллионға жетіп жығылады, алайда, ақпарат көздерінен белгілі болғандай, шекараның арғы шебіндегі отандастар саны 5 миллион...

Әлемді мойындатқан актерге адам зорлады деген айып тағылды

Есімі әлемге белгілі француз актері Жерар Депардьеге адам зорлау және сексуалдық зомбылық бойынша айып тағылды. Бұл туралы Риа Новости France-Presse (AFP) агенттігіне сілтеме жасап...

Қазақстандықтар министрлерге қандай мәселемен келеді?

Nur Otan-ның Республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесінде азаматтардың министрлермен және мемлекеттік органдардың басшыларымен онлайн-кездесулері жалғасуда. Қазақстандықтардың министрлерге қандай мәселелермен келетіні туралы партия Орталық аппаратының баспасөз...

1 наурыздан бастап Қазақстанда карантин жеңілдейді

Биылғы жылдың 1 наурызынан бастап Қазақстанда карантин талаптары жеңілдейді. Жағымды жаңалықты Facebook парақшасы арқылы Атамекен ҰКП төрағасының орынбасары Юлия Якупбаева хабарлады. «Сүйінші жаңалық! Ведомствоаралық комиссияның...

БҚО-да 24 елді мекен жарықсыз қалды

Батыс Қазақстан облысында 24 елді мекен электр жарығынсыз қалды. БҚО Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, сегіз ауданда барлығы 3112 абонент жарықсыз қалды. Атап...

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің аппарат басшысы тағайындалды

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің бұйрығымен Серік Рахметоллаұлы Егізбаев ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің аппарат басшысы лауазымына тағайындалды. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің...

Жол апатына кінәлі әйел полициядан қашамын деп мерт болды

Ресейдің Благовещенск қаласында жол-көлік оқиғасын жасап, із суытпақ болған әйел жол апатына түсіп мерт болды. Тағы екі адам жарақат алған, деп хабарлайды РИА Новости....

Экология министрлігі «АрселорМиттал Теміртау» компаниясына қатаң талаптар қойды

Экология министрлігі "АрселорМиттал Теміртауға" Теміртауда 500 мың ағаш отырғызуды міндеттеді. Бұл туралы ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі ұйымдастырған брифинг барысында хабарланды. Министрліктің...

Алматыда қандай кәсіп иелері тапшы екені белгілі болды

Алматы қаласының Жұмыспен қамту орталығының директоры Диляра Иманқұлова онлайн брифинг барысында мегаполисте қандай мамандық иелері тапшы екенін айтты. Оның айтуынша, денсаулық сақтау саласында мамандар тапшылығы...

«Қытаймен бәсекені күшейтеміз»: АҚШ пен Канада күш біріктірді

АҚШ пен Канада Қытайға қарсы тұру үшін күш біріктірді.  Бұл туралы АҚШ президенті Джо Байден Канаданың премьер-министрі Джастин Трюдомен өткізген бейнеконференциядан кейін мәлімдеді, деп...

Алматы мәйітханасының директоры ірі көлемде пара алған деп айыпталды

Алматы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі Қалалық паталогоанатомиялық бюросының директоры Б.Әлібековке қатысты тергеу ісін аяқтады. Ол 2020 жылы мемлекеттік сатып алу бойынша қол қойылған...

Шымкентте тойханаларды мектепке айналдыру ұсынылды

Шымкенттегі банкет залдары иелеріне жергілікті билік мектеп немесе кафе ретінде жұмыс істеуді ұсынды. Коронавирус пандемиясына байланысты көптеген ойын-сауық кешендері бір жылға жуық жұмыс істемейді. "Атамекен"...

Қазақстан нарығына екі жаңа автокөлік бренді шығарылмақ

Astana Group холдинг компаниясының негізін қалаушы және президенті Нұрлан Смағұлов екі жаңа автомобиль бренді биыл ел нарығына шығарылатынын мәлімдеді. Олар - Haval және Genesis...

Зейнет жасы: Әлеуметтік кодекс тұжырымдамасы әзірленуде

Премьер-Министр Асқар Маминнің мәжіліс депутаттарының сауалына берген жауабында елімізде Әлеуметтік кодекс тұжырымдамасының жобасы әзірленіп жатқаны туралы айтылды. Қазіргі уақытта зейнетақымен қамсыздандырудың барлық үш деңгейі (ынтымақты, базалық...

Мәжілісте қатесіз жазуға қатысты құжат мақұлданды

Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көрнекі ақпарат мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды. Бұл...

Төменгі жалақы мөлшерін арттыру мақсатында Жол картасы әзірленеді – Үкімет басшысы

Премьер-Министр Асқар Маминнің мәжіліс депутаттарының сауалына берген жауабында елімізде жалақының төменгі мөлшерін арттыру мақсатында арнайы Жол картасы әзірленетіні айтылды. «Ең төмен әлеуметтік стандарттар және олардың...

6,6 млрд теңге: Орал әуежайының ғимараты жаңартылмақ

БҚО құрылыс басқармасының басшысы Әлібек Антазиевтің айтуынша, «ҚПО б.в.» компаниясы арқылы әлеуметтік инвестициялар жобасы аясында құрылыс-монтаж жұмысы басталды. Жоба бойынша терминал алаңы 4 мыңнан 10...

ШҚО-да жасанды жолмен қар көшкіні түсірілді

ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, соңғы күндері өңірде күн жылып, жиі қар жауып тұр. Жел жылдамдығы да артқан. Таулы аймақтарда көшкін жүру ықтималдығы жоғарылады....

210 мыңға жуықтады: коронавирус жұқтырғандар саны азаймай тұр

Қазақстанда өткен тәулікте 753 адамның коронавирус жұқтырғаны белгілі болды, – деп хабарлады coronavirus2020.kz. Аймақтар бойынша: Нұр-Сұлтан қаласы - 68, Алматы қаласы - 93, Шымкент қаласы...

Мас күйінде көлік тізгіндеген азаматтың бас бостандығы шектелді

Өскемен қаласында алкагольді ішімдік ішіп  алып көлік тізгіндеген ер адам жазаға тартылды. ШҚО бойынша ҚАЖ департаментінің мәліметіне сүйенсек, былтыр көктемде ер адам әкімшілік жауапкершілікке...

Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Телерадиокешенінің жаңа аппараттық-студия кешенін аралады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Президенті Телерадиокешенінің жаңа аппараттық-студия кешенін аралап көрді, – деп жазды Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында. «Биыл Қазақстан Республикасы Президентінің Телерадиокешеніне...

Елімізде боран соғып, қар жауады – Қазгидромет

Сәрсенбі күні елімізде жел күшейіп, боран соғады, солтүстікте қалың қар жауып, оңтүстік өңірлерде тұман түсіп, көктайғақ болуы мүмкін, – деп хабарлады Қазгидромет. 24 ақпанда Қазақстан...

Oppo компаниясы ауа арқылы сымсыз қуаттау технологиясын ұсынды (видео)

OPPO компаниясы көпшілікті Oppo X 2021 құрылғыларын сымсыз қуаттаудың жаңа жүйесімен таныстырды, - деп хабарлайды EVO-RUS.COM. https://youtu.be/xALQxs1bJM0 Wireless Air Charging технологиясын Қытайлықтар MWC 2021 Shanghai көрмесінде...

Google қазақ тіліндегі аудиожазбаларды аудара бастады

Google Translate сервисі енді қазақ тіліндегі аудиожазбаларды аудара бастады, деп хабарлайды АА "NewTimes.kz". Бұл жаңарту 22 ақпанда пайда болды – 6.17.0. Айта кету керек, аудиоаударма тек...

АҚШ-та салынғанына 139 жыл болған үй алып тіркемемен жаңа орынға көшірілді (видео)

Калифорния штатындағы Сан-Франциско қаласының тұрғыны Тим Браун 139 жыл бұрын іргетасы қаланған өз үйін жаңа мекен-жайға көшірді. https://www.youtube.com/watch?v=u8l6eBUK-rM 1882 жылы салынған үй үлкен тіркемеге салынып, жүк...

«Алтын Орда» тарихына арналған киножобаға дайындық басталды

Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы Алтын Орда тарихына арналған ірі киножобаның тұжырымдамасын әзірлеуге кірісті. Осы мақсатта кино орталығының жанынан жұмыс тобы құрылған, ол ел...

Қандасымыз Риза Әлімжанқызы – Қытай киноиндустриясының жұлдызы

Қытайдың kazakcnr.com сайтында талантымен танылған қандасымыз, белгілі актриса Риза Әлімжанқызы туралы мақала жарық көрді. Аталған мақаладағы деректерге сүйенсек, Қытайда өнерімен көрермен көзайымына айналған Риза...

Елбасы Ақан Сатаевты қабылдады

Елбасы Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» акционерлік қоғамының президенті Ақан Сатаевты қабылдады, – деп хабарлайды elbasy.kz. Кездесуде Нұрсұлтан Назарбаев тәуелсіздік алғаннан бері мемлекет әрдайым өнер саласының...

«Nur Otan» партиясының жол картасы: «Баспанамен қамту – басты назарда»

«Nur Otan» партиясы Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларына арналған Жол карталарын бекітті. «Nur Otan» партиясы сайлаудан кейінгі бір ай уақыт ішінде өзінің 216 сайлауалды бағдарламасын...