Ең төменгі зейнетақы мен еңбекақы белгіленді

Ең төменгі зейнетақы мен еңбекақы белгіленді

Ең төменгі зейнетақы мен еңбекақы белгіленді
ашық дереккөзі
Қазақстанда келер жылға (2021 жыл) арналған зейнетақы мен еңбекақының ең төменші мөлшері белгіленді. Аталған өзгертулер: «2021-2023 жылдарға арналған Республикалық бюджет» туралы заңға енгізілген. Аталған құжатқа Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойған. Сонымен, 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап: Ең төменгі жалақы – 42 500 теңге; Ең төменгі мемлекеттік базалық зейнетақы мөлшері – 18 524 теңге; Ең төменгі зейнетақы – 43 272 теңге; Жәрдемақы мен әлеуметтік төлемдер, айыппұллар мен салық және басқа да Қазақстан заңнамаларында көрсетілген төлемдер үшін айлық есептік көрсеткіш (АЕК) – 2 917 теңге; Базалық әлеуметтік төлемдерді есептеу үшін ең төменгі күнкөріс минимумы – 34 302 теңге.