Қызылшаға қарсы екпе алмастырылады

Қызылшаға қарсы екпе алмастырылады

Қызылшаға қарсы екпе алмастырылады
ашық дереккөзі

Ақпан айының басынан бері қазақстандықтарды шулатқан қызылшаға қарсы екпе енді жарамсыз болып танылды. Шығыс Қазақстан облысы Денсаулық сақтау басқармасының төрағасы Вадим Овсянников осындай мәлімдеме жасады. Естеріңізде болса, қызылшаға қарсы екпе еліміздегі 15 пен 19 жас аралығындағы жасөспірімдерге жасалған. Екпеден кейін денсаулығы нашарлап ауруханаға түскен балалардың қатары күрт артқан болатын. Сондықтан да, Денсаулық сақтау министрлігі тексеру жұмыстарын бастады. Еліміздің бас санитары Жандарбек Бекшин мырзаның қаулысы бойынша, қызылшаға қарсы екпені салу 4 мамырға дейін тоқтатылған еді. Енді аталмыш вакцинаны Шығыс Қазақстан облысы Денсаулық сақтау басқармасы жарамсыз деп танып отыр. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының деректеріне сүйенсек, үстіміздегі жылы облыс бойынша 164 тұрғын қызылша ауруымен тіркеліпті. Ал өткен жылы қызылшамен науқастанғандар қатары бар-жоғы 83 адам болған. «Ешқандай да эпидемия жоқ. Бұл аздаған көрсеткіштер ғана. Препараттар әлі де 60 мың пациентке жетеді. Бірақ бұл екпелердің партиясы жарамсыз болып танылғандықтан алмастырылатын болады», – деп атап өтті Шығыс Қазақстан облыстық Денсаулық сақтау басқармасының төрағасы Вадим Овсянников.