Заңсыз таксилерге салық салына ма?

Заңсыз таксилерге салық салына ма?

Заңсыз таксилерге салық салына ма?
ашық дереккөзі
Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің өкілдері тұрғындардан заңсыз такси жүргізушілері жайлы хабарлауды сұрайды. Бұл туралы брифинг барысында Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Марат Сұлтанғазиев айтты. "Қоғамдық тәртіпті реттеу мақсатында біз салық әкімшілігінің жұмысын күшейте аламыз. Бұл қызмет көрсетудің сапасын жақсартады. Егер тұрғындар заңсыз такси жүргізушілерін көрген жағдайда, бізге хабарласатын болса, біз оларды тауып, заңсыз жасаған әрекеттеріне байланысты есепке аламыз. Бізде сенім телефоны бар, сайтымыз да бар. Әдетте тұрғындар бұл номерлерге такси жүргізушілерімен айғай-шу шыққанда хабарласады. Әрине, егер тұрғындар бізге хабар беріп жатса, бұл салық салуға тағы да бір нысан болады", - деді Сұлтанғазиев. Сонымен қатар, ол такси жүргізушілерінің өз еркімен есепке тұра алатынын айтты. "Олар көбінесе патент бойынша жұмыс істейді. 12 айға алдын ала төлеп қоюға болады. Ешқандай қиындығы жоқ", - деді Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы. Оның айтуынша, Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментіне такси жүргізушілеріне шағым айтқан тұрғындардан басқа, пәтерлерді заңсыз жалға беру деректері жайлы хабарламалар келеді екен.