Роза Рымбаеваның ұлы мінген автобус қар құрсауынан әрең шықты (видео)

Роза Рымбаеваның ұлы мінген автобус қар құрсауынан әрең шықты (видео)

Роза Рымбаеваның ұлы мінген автобус қар құрсауынан әрең шықты (видео)
ашық дереккөзі
 Халық әртісі Роза Рымбаеваның ұлы, әнші Әли Оқапов таулы жолда қар құрсауында қалып, құтқарылды. Бұл туралы ол Instagram парақшасында жариялады. Әнші белгілі актерлер, блогерлер және журналистермен бірге Түркістанға пресс-турға барған екен. Алайда қайтарда көлік жолын қар басып, автобус омбы қарда тұрып қалған. Сөйтіп көмек келгенше жолаушылардың өздері көлікті қар құрсауынан босата бастаған. Біраз уақыттан кейін құтқарушылар көмекке келіп, автобусты қар құрсауынан алып шыққан. Бұдан кейін автобус Шымкентке жол тартқан. Ал Шымкенттен Нұр-Сұлтанға ұшпақ болған Әли Оқапов онда да кедергіге тап болыпты. Өйткені қолайсыз ауа райына байланысты бұл рейс кейінге шегерілген. https://www.youtube.com/embed/uE5pK95CauE