Ресейлік ғалым COVID-19 вирусын таратушы ең қауіпті адамдар тобын атады

Ресейлік ғалым COVID-19 вирусын таратушы ең қауіпті адамдар тобын атады

Ресейлік ғалым COVID-19 вирусын таратушы ең қауіпті адамдар тобын атады
ашық дереккөзі
Ресейлік ғалым медицина ғылымдарының докторы, биологиялық қауіпсіздік жөніндегі сарапшы Николай Дурманов COVID-19 вирусын таратушы ең қауіпті адамдар тобын атады. Бұл жөнінде Lenta.ru хабарлады. Ғалымның айтуынша, коронавируспен ауыратын адамның вирусты таратуы оның бойында ауру симптомының болу немесе болмауына байланысты емес. Негізгі қауіп – адамнан қоршаған ортаға таралатын вирус мөлшері. Ең жұқпалы адамдар – бұл ағзасы вирустың белсенді түрде көбейтетіндер. Дәрігердің айтуынша, адамның вирустың супер-таратушы екенін тек тесттің көмегімен білуге болады. Алайда, сіз барлық сау адамдарды тексеруге мәжбүр боласыз және бұл мүмкін емес. Сондықтан, басты қорғаныс  – тек симптомды науқастармен ғана емес, барлық адамдармен байланысқан кезде сақтық шараларын ұстану қажет. Маска мен қолғап COVID-19-дың таралуын айтарлықтай азайтады. Бұған дейін Ресейдің еңбек сіңірген дәрігері, профессор, медицина ғылымдарының докторы, пульмонолог Александр Карабиненко коронавирустың ең қауіпті дистрибьюторлары - бұл COVID-19-мен ауырғандар және одан кейін медициналық маска киюден бас тартатындар деп айтқан болатын. Оның айтуынша, вирус маскасыз жүрген адамдарды инфекциядан құтқармайды. Олар коронавирусты еш кедергісіз таратады және жұқтырады.