6 желтоқсаннан бастап шетелдік сайттар қолжетімсіз болуы мүмкін – ҰҚК

6 желтоқсаннан бастап шетелдік сайттар қолжетімсіз болуы мүмкін – ҰҚК

6 желтоқсаннан бастап шетелдік сайттар қолжетімсіз болуы мүмкін – ҰҚК
ашық дереккөзі
Биыл пандемияға және қашықтықтан жұмыс түрлеріне өтуіне байланысты елдің цифрлық кеңістігіне кибершабуылдар көбейді. Атап айтқанда, 2020 жылы былтырғы жылмен салыстырғанда интернеттің қазақстандық сегментіндегі кибершабуылдардың саны 2,7 есеге өсті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті. Осыған орай ҚР ҰҚК мен Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі бірлесе отырып 2020 жылғы 6 желтоқсаннан бастап Нұр-Сұлтан қаласында «Кибер-қауіпсіздік Нұр-Сұлтан-2020» оқу-жаттығуын өткізеді. Киберқауіптерден қорғауға Ақпараттық қауіпсіздіктің ұлттық үйлестіру орталығы, Кибершабуылдарды талдау және тергеу орталығы және «Қазақстанның киберқалқаны» жүйесі, сондай-ақ АКИАМО-ның ақпараттық қауіпсіздіктің жедел орталықтары мен байланыс операторларының, мемлекеттік органдар мен жеке компаниялардың ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі бөлімшелерінің күштері мен құралдары тартылатын болады. Киберқауіпсіздік оқу-жаттығуларын өткізу кезеңінде кейбір шетелдік интернет-ресурстарға қол жеткізуде түрлі проблемалар туындауы мүмкін. Оны қауіпсіздік сертификатын орнату арқылы жоюға болады. Қауіпсіздік сертификатты орнату бойынша толық ақпарат алу мақсатында байланыс операторларына олардың ресми интернет-ресурстарына және техникалық қолдау қызметтеріне жүгіну қажет.