Нұрсұлтан Назарбаев ресми сапармен Белградта
Нұрсұлтан Назарбаев ресми сапармен Белградта
Бүгін Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ресми сапармен Сербия астанасы Белградқа барды.
«Никола Тесла Белград» халықаралық әуежайына келіп қонған Елбасын Сербия Президенті Томислав Николичтің өзі күтіп алды.
Мемлекет басшысының бұл елге ресми сапары ертең, 24 тамыздан басталады. Алдымен Н.Назарбаев Сербия Президенті Т.Николичпен шағын құрамда кездесу өткізіп, одан кейін кеңейтілген құрамдағы келіссөздер жүргізеді. Қорытындысында бірқатар екіжақты құжаттарға қол қою жоспарланған.
Мұнан бөлек, Елбасының Сербия Премьер-Министрі Александр Вучичпен және Серб патриархы Иринеймен кездесуі, сонымен қатар Белград орталығындағы шағын алаңдардың бірінде Сербия Президенті Томислав Николичпен бірге Жамбыл Жабаевтың мүсінін ашуы күтілуде.