Түлкібас ауданының оқушылары әлемдік рекордты жаңартты

Түлкібас ауданының оқушылары әлемдік рекордты жаңартты

Түлкібас ауданының оқушылары әлемдік рекордты жаңартты
ашық дереккөзі
Түлкібас ауданының оқушылары Гиннес рекордтар кітабына енуі мүмкін, деп хабарлайды Otyrar.kz. Гір көтерумен 4 жылдан бері айналысатын оқушылар Гиннес кітабына енуді мақсат тұтқан. 2015 жылы Украина оқушысы 1 сағат ішінде 16 келі гірді екі қолымен кезек-кезек 1102 рет көтерген, сөйтіп Гиннес кітабына енген. Мұны естіп-көрген бапкер шәкірттерін аталған рекордты жаңартуға жігерлендіріп, төрт жыл бойы жаттықтырған.  Нәтижесінде Рүстем Алпамысовтың бір шәкірті гірді 1224 рет көтеріп, жаңа рекорд орнатты. Алайда бұл жаңа рекордтық көрсеткіш пандемия себебінен Гиннес кітабына әлі енгізілмеді. «Мұнда осының барлығын тіркеп алған комиссия мүшелері отырды. Ал халықаралық сарапшылар пандемияға бола бізге келе алмады, бірақ біз рекордты жаңартқанымыз анық», — дейді бапкер Рүстем Алпамысов.