Илья Ильин – ғылыми қызметкер

Илья Ильин – ғылыми қызметкер

Илья Ильин – ғылыми қызметкер
ашық дереккөзі
Ауыр атлетикадан төрт дүркін әлем чемпионы Илья Ильин тағы да жаңа қызметке тағайындалды. 2020 жылғы 10 қыркүйектен бері Қызылорда қаласындағы «Мұз айдыны» спорт кешенінің директоры қызметін атқарып келген ол ендігі кезекте ҚР Білім және ғылым министрлігі Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының бас ғылыми қызметкері. Бұл туралы спортшы өзінің Instagram желісіндегі жеке парақшасында хабарлады.  width=
«Кезекті рет жаңа тағайындау! Мен ҚР БҒМ «Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы» РМҚК дене шынықтыру саласы бойынша ғылыми-зерттеу жүргізетін зертхананың бас ғылыми қызметкері лауазымына тағайындалдым», – делінген хабарламада.