Ауыл мұғалімі сыйға берілген 1 000 000 АҚШ долларын әріптестеріне бөліп берді

Ауыл мұғалімі сыйға берілген 1 000 000 АҚШ долларын әріптестеріне бөліп берді

Ауыл мұғалімі сыйға берілген 1 000 000 АҚШ долларын әріптестеріне бөліп берді
ашық дереккөзі
Үндістандық мұғалім Ранджитсингх Дисейл жыл сайын ЮНЕСКО-ның ұйымдастыруымен өтетін «Global Teacher Prize 2020» сайысында жеңіске жетіп, 1 000 000 АҚШ долларын иеленді. Онлайн режимде өткен марапаттау рәсімінде cөз сөйлеген ол сыйақыны түгелдей өзіне алмай, жүлде қорының жартысын аталған сайыста ақтық сынға дейін жеткен он мұғалімге бөліп беру туралы шешім қабылдағанын мәлімдеді, деп хабарлайды BBC агенттігі.  width= Дисейл Үндістанның Махараштра штатына қарасты Паритевади ауылында қыздарға арналған мектепте сабақ береді. Қазылар алқасының айтуынша, ол өзі тұрып жатқан ауылдағы білім беру ісіне үлкен өзгеріс әкелген. Дисейл тұрмысы төмен отбасында тәрбиеленіп жатқан қыз балалардың ата-анасын оларды ерте жастан тұрмысқа бермей, мектепке әкеліп оқытуға көндіріп, көпшіліктің ризашылығына бөленген. «Мен жүлде қорының 50 пайызын өзге тоғыз финалистке бөліп беретінімді айтқым келеді. Себебі біз, мұғалімдер әлемді өзгерте аламыз және әлемді жақсарта аламыз», — деді марапаттау рәсімінде қуанышын жасыра алмаған ауыл мұғалімі.