WhatsApp жақында кімдерді бұғаттай бастайтыны белгілі болды

WhatsApp жақында кімдерді бұғаттай бастайтыны белгілі болды

WhatsApp жақында кімдерді бұғаттай бастайтыны белгілі болды
ашық дереккөзі
2021 жылғы 8 ақпаннан бастап WhatsApp қолданушылары үшін жаңа ережелер енгізілетін болады. Бұл туралы WABetainfo хабарлады. Жақын күндері WhatsApp қолданушыларына жаңа ережелермен танысып, келісіміңізді сұрайтын хабарлама келеді. Бұл хабарламаны жауып қоюға болады, бірақ кейін мақұлдамағанша қайта-қайта шыға беретін болады. «Қандай да бір себептермен WhatsApp-тың жаңа ережелерімен келіспейтін болсаңыз, бұғатталып, мессенджерді қолдана алмауыңыз мүмкін. Мұндай жағдайда құрылғыңыз арқылы аккаунтыңызды өшіруіңізге болады» делінген WABetainfo сайтының хабарламасында. Компания әлі күнге дейін жаңа ережелерді жариялаған жоқ, сол себепті қолданушыларға арнайы хабарламаның қашан жолданатыны белгісіз. Ал әзірге осы мақсатта WhatsApp-қа мессенджер қолданушылары үшін  интерактивті хабарламаларды көрсететін жаңа фунция енгізілді.